Ерлан Қошанов: Комитет ауыстыруды Айдос Сарыммен тоқтатайық

0

Бұған дейін Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде болған депутат Айдос Сарым Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өтінішті депутаттың өзі берген. 100 депутаттың 100-і де өтінішті қолдап дауыс берді. Осыған байланысты Айдос Сарым бір комитеттен екінші комитетке ауысты.

«Кеткеніне қуанып жатырсыздар ғой деймін (Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелеріне қарата). Комитет ауыстыруды Айдос Сарыммен тоқтайық. Су шығып жатса айтарсыздар», — деп күлді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

(фото ашық ақпарат көздерінен)