Әйеліне ән арнаған Мейрамбек Бесбаев елді сүйсіндірді (видео)

0

Ғаламтор кеңістігінде эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың келіншегі Мархабатқа өлең арнап жатқан видеосы тарап кетті. Жұлдызды отбасының ерекше сәті желідегілерді тәнті етіп, халықтың ыстық ықыласына ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Мейрамбек Бесбаев пен оның жарының видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында пайда болды. Бейнежазбадан ерлі-зайыптылардың көңілді кеште отырғандарын көруге болады.

Микрофонмен ән салып жатқан өнер иесі бір кезде әйелінің қасына қарай барып, өлеңін соған арнап айтады. Жұлдызды жанұяның аса ерекше сәтіне көпшілік сүйсініп, өз жылы лебіздерін білдірген. Олар бірнеше жыл бойы некеде тұрып жатқан ерлі-зайыптылардың арасындағы сезімге тәнті болған.

«Мейрамбек жарайсың, келінге әніңді арнапсың. Әйел үйдің берекесі, екі алтын асықтай ұл мен қыздың анасы. Қуанғанда бірге қуанатын, көңіл күйің болмаса жаныңнан табылатын жарың ғой. Бақытты болыңдар.Жарыңа ән арнасаң жарасымды», «Дұрыс әйел баласын сүю керек», «Қандай керемет көрініс», «Жұптарыңыз жазылмасын. Көбейе беріңіздер. Сіздерді үлгі тұтамын», «Басқа әншілер сияқты екінші әйел алып жатқан жоқ. Өз әйелімен бақытты», «Бақыттарыңыз ұзағынан болсын», — деп жазуда көпшілік. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

Айта кетейік, бұған дейін әнші Серікбол Сайлаубек өз әйеліне сезімін білдірген видеосын жариялаған болатын. Өнер иесі өмірдің ыстығында да, суығында да қасынан табылып жүрген жарына өз алғысын айтты.