Ер адам көрші әйелдің жүрегін ойып алып, отбасына картоппен қуырып берген

1
13618
Сурет: LuidmilaKot

Американың Оклахома штатының тұрғыны үш адамды өлтірді деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметтерінше, 9 ақпан күні Лоуренс Пол Андерсон өзінің 41 жастағы көршісі Андреа Линн Бланкеншипті пышақтап өлтірген. Кейін оның жүрегін ойып алып, өз отбасына картоппен бірге қуырып берген.

Ол осылайша өз туыстарының ішіндегі жындарды қумақ болғанын айтады. Ер адам қылмысын мойындады.

Бұдан өзге Андерсон өзінің 67 жастағы ағасы Леон Пай мен оның төрт жасар немересі Каеос Йейтсті өлтірді деген күдікке ілінді. Шабуыл кезінде полиция шақырған әпкесі Делси Пайды да өлтірген болуы мүмкін.

Қаңтар айында ер адам түрмеден мерзімінен бұрын босап шықты – 2017 жылы 20 жылға сотталған болатын. Бұған дейін ол қызға шабуыл жасап, есірткі сақтағаны үшін екі рет түрмеге отырып шыққан.