Күйеуі жүкті әйелін суретке түсірген соң, жартастан итеріп жіберген

0

Түркияда 40 жастағы Хакан Айсалаға жантүршігерлік айып тағылды. Ер адам жүктіліктің жеті айында болған әйелін өлтірді деп айыпталған. Ерлі-зайыптылар Түркияның Мугла өңіріндегі Көбелектер даласына жол тартқан. Екеуі биік жартасқа көтеріліп, тамаша көрініс тұсында романтикалық фотоға түспек болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өміріндегі ең соңғы фотода 32 жастағы Семра Айсал күйеуінің артында күлімсіреп тұр. Алайда келесі сәтте ол 300 метрлік биіктікстен құлап, өзі де жатырындағы сәбиі де көз жұмады. Жансыз денені тапқан  құтқарушыларды ер адам өзі шақырған.

Хакан оқиғаны қайғылы жағдай ретінде көрсетпек болған. Алайда кейін оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болған. Әйелінің қазасынан соң ер адам оның атынан қайғылы жағдайлардан сақтайтын 400 мың лира тұратын сақтандыру ашқан. Әйелінің өлімінен соң ақшасын қайтарып алмақ болған.

Сондай-ақ, ерлі-зайыпты жартаста үш сағаттан аса отырған. Ал әйелі Семра биіктіктен қорыққан екен.

Прокурордың сөзінше, ер адам лайықты сәтті күтіп отырған. Куәгерлер болмайтындай сәтте әйелін жартастан итеріп жібермек болған.

Алайда Хакан өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Сөзінше, фотосессия кезінде әйелі телефонын сөмкесіне салып қойған, кейінірек күйеуіне оны беріп жіберуін сұраған. Телефонын алып бермек болған сәтте, сүйіктісінің айқайын естіген. Алайда оған көмек беріп үлгермеген.