Әйел өліміне полицейді кінәлады: Лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды полицейлері өз-өзіне қол жұмсау туралы істі тергеп жатыр. 52 жастағы Татьяна Костыгина 16 қарашада өзін қол салып, өліміне полицейді кінәлады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Татьяна Костыгина өлер алдындағы хатында полиция бөлімінің бұрынғы бастығы, ал қазір ІІМ академиясы бастығының орынбасары Ерлан Намысовтың қудалауына байланысты осындай қадамға барғанын жазған.
Марқұмға алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
«Марқұмға және оның әпкесіне қатысты алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды қаласының бірқатар тұрғыны жауапқа тартылып жатыр. Оларға 130 млн теңгеге жуық материалдық зиян келген. Қазіргі уақытта лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеу басталды. Оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады», — деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.