Қазақстанның оңтүстігінде күн қатты суытады

0

Қазақстанның оңтүстік бөлігінде күн суытады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклон әсер етеді. Елдің кей жерінде қар мен жауын-шашын жауады. Себебі атмосфералық фронтальды бөліктер осы аймаққа өтеді», — делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстік бөлігінде ауа температурасы көпжылдық орташа мәннен 4…8 ℃ төмендейді.