Ағасы арбадағы інісін экскалатордан итеріп жіберді

0
Ағасы арбадағы інісін экскалатордан итеріп жіберді


Кішкентай бала сауда орталықтарының бірінде арбадағы інісін эскалатордан құлатып жіберді.

Қайғылы жағдай Ханты-Манси автономиялық округінің Нягани қаласындағы сауда орталықтарының бірінде болған. Оқиға туралы куәгерлердің біреуі хабарлағандай, құлаған бала басын жарып, есінен танып қалған. Сауда орталығына келушілер тез арада жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға жатқызылды.

Балалардың анасы оқиға орын алған жерге бес минуттан соң жеткен. Куәгерлердің айтуы бойынша, ол үлкен баласына айғайлап, жұдырығын жүгірткен. Қазір полиция сауда орталығында орнатылған бейнебақылау камераларынан жазбаларды қарап жатыр. Егер әйел балаларды қараусыз қалдырғаны дәлелденсе, онда балалардың анасына айыппұл салынады.