Интерстициальды нефрит

0

Интерстициальды нефрит (ИН) – жедел токсикалық, аллергиялық, инфекциялық генезді бүйректің тубулоинтерстициальды тіндердің арнамалы емес қабынуымен өтетін гетерогенді топ. Жиілігі: Балаларда ЖИН анықталмаған, СИН сирек кездеседі.

Этиологиясы. ИН әртүрлі инфекциялардан соң дамуы мүмкін. — Инфекция: стрепто-стафилококкты, күл, псевдотуберкулез, инфекциялық мононуклеоз, сальмонеллез, лептоспироз, мико- және токсоплазмоз, грипп, аденовирустар, қызылша т.б. — Дәрілер: сульфаниламидтер, аминогликозидтер, тетрациклин, І қатардағы цефалоспориндер, диуретиктер, цитостатиктер, иммуносуперессорлар, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, висмут, темір, Д витамині, антиконвульсанттар т.б.

Патогенезі. ИН-негізінде бүйрек түтіктерінің, базальды мемебрананың токсиндер, дәрілермен, вирустармен зақымданып, кешенді аллергендер және иммундық кешендер және түтікшенің базальды мембраналарында белокқа аутоантиденелер түзілуімен сипатталатын иммунопатологиялық рекция жатыр. Бүйректің аралық тіндеріндегі лимфогистоцитарлы инфильтрациялық иммунды қабыну түтікшелер мен тамырлардың жаншылуына, түтікшелерде ошақты некроздар және дистрофиялар дамуына әкелуі мүмкін. СИН -де жұмыс жасайтын түтікшелер көлемі азайып, некрозды ошақтар пайда болып, одан әрі склероздалып, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі.

Интерстициальды нефритИнтерстициальды нефрит

     Клиникалық көрінісі: Әр түрлі болады. Ішіндегі ауырсыну, әлсіздік, жүрек айну, дене қызуының жоғарлауы белгілері тән болады. Әдетте олигурия гипо-, изостенуриямен, лейкоцитурия, гематурия, орташа протеинурия (1 г/л -ге дейін) дамиды; протеиурия ßглобулиндер, төменгі молекулалы белоктар әсерінен түтікшелік селективті болып келеді. Гипонатриемия, гипохлоремия және гипокалиемия, ацидоз болуы мүмкін. ИН-де лейкоцитурия лимфоцитарлы сипатты. Гипероксалурия немесе гиперуратурия тән. СИН аз белгілі болып келеді. Арнайы көрінісі жоқ. Зәрдегі өзгерістер мақсатсыз зерттеу кезінде табылады. Гематурия, полиурия, солеурия, түтікшелік ацидоз дамиды.

Диагноз: қойылады: — Анамнез және ауруды қарағанда (әлсіздік, дене салмағын жоғалту, орташа ісіктер, аллергиялық бөртулер) мәліметтері; — Лабораториялық мәліметтер: олигурия, гипо-изостенурия, лимфоцитарлы лейкоцитурия, гематурия, протеинурия, гипокалемия, метаболикалық ацидоз, гипергаммаглобулинемия, трансаминазаның белсінділігі, Тэмм-Хосфолл ақуызына антидененің пайда болуы, гиперсолеурия; — УДЗ бойынша бүйрек паренхимасының эхогенділігінің жоғарлауы. Ажырату диагнозы: пиелонефритпен (ИН-де абактериурия, лимоцитарлы лейкоцитурия), гломерулонефритпен (түтікшелік сипатты протеинурия, түтікшелік реабсорбция бұзылуы), бүйрек туберкулезімен (туберкулиндік сынаманың әдеттегі динамикасы, зәр реакциясының және зәрді ВК-ға себудің теріс болуы), бүйрек ісіктері (УЗД), зәр-тас ауруларымен (УЗД, солеурия деңгейі) жүргізіледі.

Интерстициальды нефритИнтерстициальды нефрит

     Емі. Клиникалық белгілері айқын кезде қатаң төсектік тәртіп сақталады. Тамақ құрамынан облигатты аллргендерді, тағамдық қоспаларды, бояғыштарды, косерванттарды, жасанды сусындарды алып тастайды. ИН емі Д гипервитаминозындағыдай. ЖНИ-дің инфекциямен байланысы болса этиотропты ем жүргізіледі. Нефротоксикалық дәрілерді тағайындаудан сақ болып, фитотерапия (ит бүлдірген, қалақай қайнатпалары және т.б) қолданылады. Процесстің айқын белсенділігінде преднизолон тәулігіне 1 мг/кг есебінен 1 апта бойы тағайындалады. Ауыр жағдайда көктамырға метипред 2 мг/кг 2 күнге, сосын 1 мг/кг, одан кейін преднизолонға аударады, 4-5 күннен кейін тоқтатады. СИН-дің өршу кезінде глюкокартикоидтарды цитостатиктермен бірге береді. Болжамы: қолайлы. Диспансерлік бақылау: ЖИН-тен кейін алдын ала егулерді уақытша тоқтатады. Нефротоксикалық препараттарды беруден сақтану керек және спорт сабақтарынан босатады. Емдәм сақтау, кез келген аурулардан соң зәр анализін тапсыру. 2 апта бойы тоқсан сайын фитотерапия жүргізіп тұрады. Қайталау болмаса 2 жылдан соң есептен шығарады. СИН-де науқас педиатр және нефролог есебінде тұрып, қаралады. Ересектер емханасына аударғанға дейін есептен шығарылмайды.