«80 үйді су басты»: ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жариялады
Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің әртүрлі аймақтарындағы су тасқынына қатысты соңғы деректерді ұсынды. Мәселен, бүгінде жүзге жуық үйді су басқан. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 5 елді мекенде 80 тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысан еріген қар салдарынан су астында қалды. Сонымен қатар Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су сорылды. Су басқан 37 үй бақылауға алынды, 19 автожол учаскесінде су тасқыны бар, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2, облыстық — 1, жергілікті – 16, оның ішінде автожолдардың 14 учаскесі шайылып кеткен. Өңірлерде су тасқынынан туындаған төтенше жағдайларды төмендету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күші 609 мың м3 еріген суды сору бойынша жұмыстар жүргізілді. Инертті материалдары бар 11 290 қап төселді. Ведомство жұмыстарға 670 адам, 300 бірлік техника, 89 су айдау құралдары және 5 жүзу құралдары жұмылдырылғанын хабарлады. Оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің 264 жеке құрамы, 66 бірлік техника, 47 қозғалтқыш және 4 жүзу құралы. «Қазгидромет» РМК мамандары алдағы тәуліктерде Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қ