Домой Жаңалықтар Қазақстандық әнші бала «Голос» шоуының финалына шықты

Қазақстандық әнші бала «Голос» шоуының финалына шықты

0
804
Шымкент қаласының жас тұрғыны Сағын Өмірбайұлы «Голос. Дети» шоуының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сағын Өмірбайұлы “Көрмей тыңдау” кезеңінде Родольфо Фальвоның «Скажите, девушки, подружке вашей»  әнін орындады, оған қазылар алқасының екі мүшесі – танымал әнші Полина Гагарина және танымал рэпер Василий Вакуленко («Баста») бұрылды. Сағын Гагаринаны тәлімгер ретінде таңдады.

1 сәуірде «Голос. Дети» байқауында Полина Гагаринаның командасы өнер көрсетті. Алдымен жас орындаушылар үштікте өнер көрсетті («Жекпе – жек» кезеңі) — 15 қатысушының бесеуі келесі кезеңге өтті, оның ішінде Сағын Өмірбайұлы да бар.

“Мен өте бақыттымын! Мен мүлдем күткен жоқпын!”, – деді Сағын Өмірбайұлы.

«Ұшу әні» кезеңінде жас әнші «Скажите, девушки, подружке вашей» әнін қайталап орындап, шоудың финалына шықты.

Гагарина командасынан финалға Сочиден келген 12 жасар Малика Тайгибова да өтті.

Шоудың осы кезеңінде финалистерді таңдауды тәлімгер Полина Гагарина жүргізді. Шоудың финалы тікелей эфирде көрсетіледі, ал қатысушылардың тағдырын көрермендер анықтайды.