«50 миллион теңге береміз»: Қостанайда өрт кезінде концерт өткізгендер ақталуда

0

Kostanay Music Fest ұйымдастырушылары өрттен зардап шеккендерге 50 миллион теңге бөледі деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. 

Бүгін музыкалық фестиваль ұйымдастырушылар тобы гуманитарлық көмек ұйымдастыру үшін Әулиекөл ауданына аттанып жатыр. Бір күн бұрын Қостанайда өткен Kostanay Music Fest музыкалық фестивалі желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Өңірде қатты орман өрті өршіп, зардап шеккендер бар кезде орталық стадионда концертте біреулер көңіл көтеріп жатқанына жұрт таң қалды. Ұйымдастырушылар қостанайлықтарға арнап жазба жариялады:

«Қостанай қаласы мен Әулиекөл ауданында тұтанған өртке байланысты біз «KOSTANAY Music Fest» ұйымдастырушысы ретінде Қостанай облысының барлық тұрғындары алдында өз парызымыз деп санаймыз.
Қазақстандық жастардың ең танымал шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларынан тұратын концерт 100% жеке қаражатқа ұйымдастырылды. Қостанайда әртістердің өнерін тамашалауға Қазақстанның көптеген қалаларынан мыңдаған жастар келді. Бір ай ішінде 16 мың билет сатылды.
Стадионға жақын жерде өрт басталғанын алғашында білмедік. Облыс аудандарының бірінде үлкен өрт басталғаны туралы хабар көрермендер стадиондағы сатып алынған орынға жайғасқан кезде ғана жетті. Біз концертті тоқтата алмадық. Ал егер барлығын тоқтатқан жағдайда көрермендердің реакциясы қандай болатынын білмедік.
Біз барлығынан кешірім сұрап, өртте қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Біз 3 ай бойы дайындаған концерттің өзі бастапқыда қайырымдылыққа толығымен жоспарланған болатын. Біз концерттен түскен барлық қаражатты — 50 миллион теңгені — осы табиғи апаттан зардап шеккен адамдарға көмек ретінде беруге міндеттіміз.
Бүгін біздің команда гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін Әулиекөл ауданына барады.
ИншаАллах, біздің еліміз бұл қиындықты да еңсереді деп сенеміз.