Тілсіз жаудың төндірген қаупі ел Президентінің жіті бақылауында

0
45

Қадірлі ағайын! Апат айтып келмейді. Осы уақытта күллі қазақ жұрты Қостанай облысындағы жағдайдың салдарына алаңдаулы. Апат орнындағы тұрғындар мен тілсіз жаумен күресіп жүрген азаматтарымыздың аман-саулығын тілейміз.

Тілсіз жаудың төндірген қаупі ел Президентінің жіті бақылауында. Осы орайда таңертеңнен бастап «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылатыны туралы Партия төрағасы Ерлан Қошанов хабарлады.

Қазақ қашанда жақынына түскен қатерді өзінің өне бойымен сезініп, қандай да болмасын сын мен сынақты бекем бірлігінің арқасында еңсеріп отырған. Бұл біздің табиғатымыз, болмысымыз. Әр қазақстандықтың жүрегі бүгін Қостанай деп соғып тұр.

Біз Сіздермен біргеміз! Еліміз аман болсын!

Дәулет Қарибек Facebook парақшасынан