«3 млн теңге»: Отандық танымал волейболшыға порнофильмге түсуге ұсыныс түскен
Қазақстандық волейболшы Кристина Карапетян өзіне порнофильмге түсу туралы ұсыныс түскенін айтты.
Спортшы бұл туралы өз Instagram парақшасында баяндады.
«Күнде таңертең бір стақан су ішіп, «маған жан-жақтан ұсыныстар келеді» деген сөзді айтушы ем. Міне, соның бірі. 3 млн теңгеге порнофильмге түсуге ұсыныс білдірді. Бұл 545 мың рубль, 7000 доллар. Сіздер үшін бір бейнеролик бағасын біліп бердім.
Бұл жағдай менің көңілімді көтерді.
Біріншіден, күнделікті айтып жүрген сөздерім орындалып жатыр. Қай жағынан болмасын, бастысы, ұсыныс түсіп жатыр ғой.
Екіншіден, астролог маған спорттан тыс мансабым топпен болуы керегін, жалғыз өзіме кәсіп ашу қиын болатынын ескерткен. Міне, ұжымдық жұмыс.
Үшіншіден, ғаламның берекелі екеніне тағы бір рет көзім жетті.
Енді тек мұндай ұсыныс неге маған келгенін түсіну керек болды», — деп жазды волейболшы әзіл араластырып.
Айта кетейік, осыған дейін Таиланд парламентінің депутаты парламент отырысында порно тамашалаймын деп масқара болған еді. Жиын барысында егде жастағы азаматтың телефонында жалаңаш төсекте жатқан арудың фотосы ашылып тұрған екен.
Масқара болған депутат бұл әрекетін түсіндіруге тырысып бақты. Айтуынша, белгісіз бойжеткен көмек сұрап, депутатқа хабарлама жолдаған. Онда бейәдеп суреттер барын білмеген депутат парламентте бойжеткеннің «мәселесін» шешу үшін хабарламаны ашқан-ды.
Сонымен қатар Мәскеуде әйелінің 13 жыл бұрын порно-роликке түскенін білген азамат жанжал шығарған болатын.