Бүйректің жарақаттанулары | туралы қазақша

0
162

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында механикаландыру мен автоматтандырудың кеңінен қолданылуы, жол және рельс көлігінің автомобиль және басқа түрлерінің көбеюі, дене шынықтыру мен спорттың дамуы, екінші жағынан, әр түрлі жарақаттарға, соның ішінде несеп-жыныс органдарының да зақымдалуына себепші болуы мүмкін. Алайда бұл мүмкіндік белгілі бір жағдайда ғана шындыққа айналады, ал ондай жағдайлар: өндіріс пен ауыл шаруашылығында қауіпсіздік техникасыныңбұзылуы, күрделі механизмдердің біліксіз қолданылуы, жолдарда жүріс ережелерінің сақталмауы, күрделі спорт жаттығуларын жасаған кезде сақтықтың болмауы және т.б. екені мәлім.

Жарақаттану жағдайларын азайтуды көздеген көптеген шаралардың қолданылатынына қарамастан, қазіргі уақытта оларға мүллдем жол бермеу мүмкін болмай отыр. Авторлардың көпшілігінің мәліметтері бойынша несеп-жыныс жүйесі органдарының жарақаттары 1 проценттен 3 процентке дейін барады. Сондықтан дәрігерлердің алдында осындай жарақат алған ауруларға көмек көрсету қажеттілігі мезгіл-мезгіл туындап отырады.

Несеп-жыныс жүйесінің органдары зақымдалған ауруларға көрсетілетін көмек пен жасалатын мамандандырылған емдеудің мән-мазмұнына мына факторлардың елеулі ықпалы бар:

— несеп-жыныс жүйесі органдарының жарақаттануларын ерте бастан диагноздаудың әсіресе бұлармен бір мезгілде іш пен жамбастың ба­сқа органдары зақымдалған жағдайда қиынға соғатыны;

—  несеп-жыныс жүйесінің зақымдануларының өздеріне тән ерекшеліктері; мұның өзі айналадағы тіндерге несептің жайылып кетуіне саяды ( несеп іркілмелерінің, клетчатканың некротикалық флегмондарының түзілуі, уросепсистің дамуы және т.б.);

— несеп-жыныс жүйесінің функцияларына тән ерекшеліктері бұл жүйенің зақымдануы оған ауыр жарақат деп қарауды ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар көрші органдар мен тіндердің және тұтас алғанда бүкіл ағзаның зақымдалуына жол бермеуді көздеген диагностиканың, хирургиялық емдеу мен медикаментоздық терапияның арнаулы әдістерін қолдануды да қажет етеді.

Бүйректің жарақаты жабық болған кездегі көрсетілетін көмек жөнінде әлі күнге дейін бір-біріне мүлдем кереғар, қарама-қарсы келетін ұсыныс-нұскаулар бар. Бір авторлар мұндай науқастарды операциялау керек десе, енді бір авторлар консервативтік емдеу жағына шығады.

Қай органды болсын, соның ішінде жұп екі мүшенің біреуін болсын алып тастау науқастардың денсаулызғына кеп нұқсан болатыны мәлім, сондықтан бүйректің жарақаттануы кезінде нефроэктомия үшін өте мұқиятталдап-белгілеу айрықша қажет.

Қуықтың жарақаттануын, әсіресе ішперде ішіндегі зақымдалуларының ерте бастан анықталған диагностикасы және несеп іркілмелерінің дер кезінде анықталуы дәрігерге емдеу әдісін таңдаған кезде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қуықтың зақымдануларының диганостикасы жөніндегі қазіргі бар әр түрлі рекомендациялар жарақатты ерте бастап танып-білуге әр кезде бірдей жәрдемдесе бермейді.

Үрпі жарақаттанған науқастарды емдеудің нәтижелері бірқатар жағдайларда қанағаттанғысыз күйде қалады, бірқатар науқастарда уретраның тарылуы болады, осының салдарынан жоғарғы несеп жолдары мен бүйректерде өзгерістер басталады.

Бақылаулардың көрсетіп отырғанындай, ақтық нәтижелердің нашар болуы толып жатқан себептерге байланысты, ал мұндай себептердің арасында жарақаттанған бойда ізінше емдеудің дұрыс таңдалмауы да болады.

Несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің жарақаттануы көбіне көрші органдардың жарақаттануымен қабаттасады. Мұның өзі жарақаттың барысын ауырлатып қана қоймайды, сонымен қатар диагноз қоюға және науқастарды емдеуге кері әсер етеді. Мұндай жағдайларда науқасты әр түрлі мамандардың жан-жақты тексеріп, емдеуі қажет болып шығады, алайда бұл пікірді қостамайтындар да кездеседі.

Бүйректің жабық жарақаттарымен салыстырғанда ашық жарақаттануы бейбіт уақытта сирек кездеседі.

Анатомиялық ерекшеліктерге: ішперде қуысы мен кеуде қуысы органдарының, омыртқаның, ірітамырлардың жақын болуына байланысты бүйректердің жараланулары көбіне қабаттасып келеді. Қарудың жаңа үлгілерінде оқтың ұшу жылдамдығының артуы қабаттасқан зақымданулардың бұрынғыдан жиілеуіне апарып соғады.

Жарақаттанған кезде бүйректің зақымдалуының механизміне қатысты толып жатқан теориялар бар; бұл теориялар бойынша бүйректің зақымдануының пайда болуын оның бүктетілуімен, қысылуымен, шайқалып не жылжып кетіп, одан соң қабырғага не омыртқалардың көлденең өскіндеріне соғылуымен, бүйректе сұйықтықтар – қан мен несеп болатындықтан, онда гидродинамикалық эффект пайда болуымен және т.б. байланыстырады.

Тегінде, бүйректің жарақаттануларының сан түрлі механизмінде әр түрлі факторлар жинақталып қатысатын болуы керек, бұлардың құрамы мен үлестік мәні әрбір жеке жағдайда тұрақты болмайды. Соққының күші және әсіресе бағыты, жарақаттанудың орны мен қамтыған мөлшері мәнді жағдайлар болып шығады. Организмнің кейбір ерекшеліктері (бұлшық еттің, тері астындағы және әсіресе бүйректің қасындағы май клетчаткасының даму дәрежесі), организмнің жарақаттанған сәттегі жалпы жай-күйі (бұлшық ет тонусының қажыған кезде төмендеуі, асқазан мен ішек толы болған кездегі ішперде ішіндегі қысымның артуы және т.б.), бүйректің патологиялық процестері (гид­ронефроз, ісік, нефроптоз) не оның аномалиялары (поликистоз, дистопия) белгілі бір рөл атқарады.

Бүйректің жабық жарақаттанулары арасында оның талшықтық капсуласының тұтастығы сақталуы, осы себепті бүйрек маңында гематома түзілуімен қабаттаспайтын кездедамитын морфологиялықөзгерістерді, бүйректің және оның өз капсуласының жыртылып бүйрек маңында ге­матома (урогематома) түзілуін және бүйрек ашасы тамырларының зақымдануын ажыратып саралау керек болады.

Бүйрек зақымдануларының өз капсуласының тұтастығы бұзылмайтын (капсула астындағы жарақаттанулар) тобында қан құйылуының әр түрлі тарап жайылулары (өз капсуласы астында, паренхимада не бүйректің астауы мен тостағаншаларының кілегей астында), бүйрек тінінің ұзақтығы әртүрлі жыртылулары кездеседі; бұл жыртылулардың органның бетінен немесе оның тостағанша-астау жүйесі жағынан басталып, тұйықталып аяқталатындары, немесе, керісінше, капсула астын­дағы кеңістікпен және (немесе) бүйрек қуыстары жүйесімен қатынасатындары, немесе бүйрек паренхимасының қалың қабатында шоғырланып, ол жақпен де, бұл жақпен де қатынастары болмайтындары кездеседі.

Бүйректердің оның талшықтық капсуласының қуысы бұзылуымен ұштасатын жарақаттанулары кезінде де бүйрек тінінің тереңдігі мен жайылып таралғандығы жөнінен әртүрлі жыртылулары байқалады; мұндай жыртылулардың қыртыс қабаттағы беткілерінен бастап жұмсақ қабаттың тереңіне бойлап кететіндері, бірақ бүйректің тостағанша-астау жүйесімен қатынаспай, бүйрек маңы гематомасы түзілуімен қабаттасатындары немесе, керісінше, бүйрек қуыстары жүйесіне өтіп, уроге­матома түзілуімен кабаттасатындары болады. Ілуде бір жағдайларда паренхиманың көптеген терең жыртылулары түзілуінің салдарынан бүйрек қанмен жабдықталуын және бір-бірімен байланысын жоғалтқан не ішінара сақтаған, саны көп не аз бөліктерге бөлініп қалған болып шығады. Бүйректің жарақаттануының бұл түрі бүйректің езілуі деп аталады.

Практикада әдетте бүйректің жарақаттануының ілгеріде айтылған көріністерінің әр түрлі болып ұштасулары, сондай-ақ әр текті өтпелі формалары кездеседі. Бүйректің ашық жарақаттанулары кезінде ондағы морфологиялық өзгерістер барынша әр алуан болуы мүмкін; мұныңөзі жаралаған заттың сипатына (пышақ, оқ, бытыра), жара арнасының бағытына атқан тұстың қашықтығына (атылған оқтан жараланғанда) және т.б. байланысты. Сондықтан бүйрек жарақаттануларының толып жатқан формалары кездесуі мүмкін. Пышақтан болған жарақаттар әдетте тілме сызықтық формада болады да, ондай жағдайда бүйрек паренхимасының көп бұзылуы қабаттаспайды. Ал атылған оқтан, оның үстіне жақыннан атылған оқтан, әсіресе бытырадан болған жаралар бүйректің жеке-жеке бөліктерге ыдырауына не оның езілуіне әкеліп соғады. Егер оқалыс қашықтықтан атылып, оғы үлкен болмаса, бытырадан жараланғандағы сияқты мұндайда бүйректің жарақаттануы болмашы болуы мүмкін.

Авторлардың көпшілігі бүйректің жанама, тесіп өткен, тұйық жаралары және бүйректің езілуі деп саралайды. Атылған оқтан жараланулар кезінде соққы толқынының әсерімен және бүйректе гидродинамикалық эффект пайда болуымен байланысты, бүйрек тінінің жаралатан заттан болған зақымданумен қоса белгілі бір дәрежеде жабық жаралану кезіндегі сияқты анатомиялық өзгерістер басталуы мүмкін.

Бүйректерінің зақымданулары оқшауланған, сондай-ақ қабаттасқан сипатта болып келетін науқастарды, әсіресе бірнеше жарақат ұштасқан науқастарды емдеудің күнбе-күнгі практикасында ұтымды клиникалық классификацияның ерекшемаңызы бар; ол дұрыс хирургиялық тактика таңдау жолында бүйрек жарақаттануының ауырлығын клиникалық көзқарас тұрғысынан нақпа-нақ бейнелей алады, емдеудің қажет әдісін, хирургиялық шаралардың кезектілігі мен бағытталуын анықтауға, емдеудің оңтайлы мерзімін белгілеуге, бүйректердің зақымдалуының барысын болжамдауға жағдай жасайды.

Жабық зақымдануларды зақымның сипатына және бүйрек пен оның айналасындағы паранефралдық клетчаткадағы жарақаттық өзгерістерге байланысты алты топқа бөледі.

Бірінші топқа зақымданудың жиі кездесетін ерекше түрі — бүйректің соғылуын жатқызады; мұндайда бүйрек паренхимасына көп қан қүйылуы байқалады, оның макроскопиялық жыртылуы мен субкапсулярлық гематома болмайды.

Екінші топқа бүйректі қоршап тұрған май клетчаткасының зақымдануы мен талшықтық капсуланың жыртылулары тән, бұған қыртыстық қабаттың ұсақ ыдырауы қабаттасуы мүмкін. Паранефралдық клетчаткада көбіне қанның имбибициясы түрінде гематома байқалады.

Зақымданулардың үшінші тобына паренхиманың шүмекше мен тостағаншаларға өтпейтін капсула астылық жыртылуын жатқызады. Әдетте үлкен субкапсулярлық гематома болады. Паренхимадағы жыртылудың маңында көптеген қан құйылуы мен ұсақинфарктілер анықталады.

Төртінші топқа неғұрлым ауыр жарақаттанулар тән. Олар бүйректің талшықтық капсуласы мен паренхимасының астауға немесе тостағаншаға тарап жыртылуымен сипатталады. Мұншалық көп зақымдану несептің паренефралдық клетчаткаға іркіліп, урогематома түзілуіне әкеліп соғады. Клиникалық тұрғыда мұндай зақымданулар профуздық макрогематуриямен сипатталады.

Бүйрек зақымдануларының бесінші тобына органның езілуімен сипатталатын өте-мөте ауыр зақымданулар жатады. Мұндай жарақатта­нулар кейде басқа органдардың, атап айтқанда ішперде қуысы органдарының зақымдалуымен қабаттасады.

Алтыншы топқа бүйректің бүйрек ашасынан жұлынып кетуі, сон­дай-ақбүйректің өзінің тұтастығы сақталып бүйрек тамырларының оқшау зақымдануы жатады. Мұндай зақымданулар кезінде қан көп кетіп, зардап шегушінің өліміне душар етуі мүмкін.

Клиникалық классификациялардың көпшілігі бүйректің жабық зақымдануларын олардың ауырлығына қарай 3 дәрежеге бөлуді көздейді.

Жеңіл зақымданулар тобына байқалған гематурия бастапқы 2-3 тәулік бойында біртіндеп бәсеңдейтін, гемодинамикалық көрсеткіштер нормалық деңгейде тұрақты сақталатын, ауырсыну бірте-бірте басылып, бүйрек маңында гематома болмайтын зақымдануларды жатқыза­ды. Урограммаларда нормадан ауытқу байқалмайды немесе зақымдалған бүйрек функциясының біразтөмендегені көрінеді.

Ауыр зақымданулар тобына гематурия неғұрлым ұзақ уақыт бойына сақталатын немесе интермиттік сипат алатын, ауру болмашы ғана бәсеңситін немесе бұрынғы деңгейде қалатын, бүйрек маңы гематомасы (урогематома) бар екендігі байқалатын зақымдануларды жатқызады. Шок қысқа мерзімді болуы не болмауы да мүмкін. Урограммаларда бүйректің тостағанша-шүмекше жүйесіне «өтіп», урогематома түзетін жыртылуына тән нышандар жиі байқалады.

Бүйректің қатерлі (еңауыр, кауіпті) зақымданулары тобына зардап шеккен адамның жалпы жағдайы ауырлап, шок болатын, бүйрек маңындағы клиникалық тұрғыдан байқалатын гематома тез көбейетін, гемодинамикалық көрсеткіштер тез төмендейтін зақымдануларды жатқызады. Бұл көрсеткіштер клиникалық симптомдармен катар іште көп қан кетіп жатқанын көрсетеді. Гематурия әртүрлі көріністе болуы немесе мүлдем болмауы мүмкін.Урография кезінде зақымдалған бүйректің функциясы әдетте болмайды,-алайда бұл зерттеу бүйрек жарақатының ауырлығына байланысты шұғыл операция — қажет екендігін ескергенде контралатеральдық бүйректің функциялық жағдайын анықтау үшін де өте маңызды. Мұндай клиникалық көрініс әдеттебүйректің бірнеше жердентерең жыртылуы, езілуі немесе тамырлы ашадан жұлынуы сияқты ауыр зақымданулар кезінде байқалады.

Клиниканың талаптары тұрғысынан бүйректің зақымдалуларын 3 ауырлық дәрежесіне, атап айтқанда жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр деп саралауды көздейтін классификация неғұрлым мақсатқа үйлесімді болып табылады. Бұл клиникалық классификацияның ілгеріде айтылған үш дәрежелі клиникалық классификациядан принципі айырмашылығы жоқ. Бұл классификацияда бүйрек зақымдалуының орташа дәрежесі клиникалықнышандары бойынша ауыр деген дәрежеге, ал ауыр деген дәреже — қатерлі (ең ауыр, қауіпті) дәрежеге сәйкес келеді.

Бүйректің зақымдалуының ауырлығын анықтаған кезде ең алдымен клиникалық мәліметтердің жиынтығын негізге алу керек, олар — зардап шеккен адамның жалпы жағдайы, шок белгілерінің бар не жоқ екендігі, гемодинамикалық көрсеткіштердің деңгейі, бүйрек маңы гематомының болуы және шамасы, әсіресе қан ұйымалары бар интенсивті макрогематурняның болуы не жоқ екендігі, ауырсыну симптомының интенсивтілігі, ішперде қабырғасы бұлшық еттерінің қорғаныштық ширығуының білінуі және т.б.

Бүйрек зақымдалуының жеңіл дәрежесі кезінде науқастардың жал­пы жағдайы қанағаттанарлық болады. Ауырсыну симптомының интенсивтілігі әртүрлі болуы, бірақ көбіне шаншып ауырмауы, ал кейде ауырмауы мүмкін. Шок белгісі әдетте болмайды. Бүйрек маңы гематомасының бар екендігі байқалмайды. Бұлшық еттердің қорғаныштық ширығуы көбіне бәсең не мүлдем болмайды. Гематурия жалғасады не тоқтайды. Гемодинамикалық көрсеткіштер қалыпты шеңберінде тұрақты сақталады.

Бүйректің жеңіл зақымдануларының клиникалық тобына анатомиялық көзқарас тұрғысынан зақымдалған бүйректе қандай да болмасын макроскопиялық өзгерістердің болмайтын жағдайлары, капсула астында болатын гематомалар, капсула астында шағын және ішкі жыртылу­лар, форникалдық жыртылулар жағдайлары, сондай-ақ бүйректің фиброздық капсуласы тұтастығының бұзылуы бар жекелеген беткі жыртылулары сәйкес келеді; мұндайда бүйрек маңында түзілетін гематома әдетте болмашы шамада болады да, осы себепті клиникалық зерттеу әдістерімен анықтау мүмкіндігі төмендейді.

Бүйректердің зақымдалуының орташа ауырлығы кезінде зардап шеккен адамдардың жалпы жағдайы жарақаттанғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда әдетте қанағаттанарлық болады да, кейінірек кейде орташа және ауыр деңгейге ауысады. Ауырсыну симптомы білінеді. Талықсу нышандары сирею байқалады және қысқа мерзімдік сипатта болады, ал көбіне мұндай нышандар болмайды. Пальпация, перкуссия кезінде не рентгенмен қарағанда бүйрек маңы гематомасы (урогематома) бар екендігі анықталады. Гематурия жалғаса береді не тоқтайды. Алдыңғы ішперде қабырғасы мен бел өңірі бұлшық еттерінің жараланған жақта қорғаныштық ширығуының азды-көпті білінуі, ішперденің тітіркену симптомдары, ішек жүйесініңтітіркену жағдайының белгілері байқалады. Гемодинамикалық көрсеткіштер қалыпты деңгейде сақталады не біршама төмендейді.

Бүйректің ауырлығы орташа зақымдануларының клиникалық тобы­на анатомиялық тұрғыдан бүйрек капсуласының зақымдалуымен бірге бүйректің көптеген беткі жыртылулары, фиброздық капсула зақымда­луымен бірге бүйректің тостағанша-астау жүйесіне «өтетін» жекеленген терең жыртылулар, бүйрек полюстерінің ажыраулары, яғни әдетте азды-көпті білінген бүйрек. маңы гематомасы немесе урогематома түзілетін бүйрек зақымданулары сәйкес келеді. Зақымданулардың бұл тобында тостағанша-астау жүйесімен қатынасатын елеулі субкапсулярлық жыртылулар бір ерекшелік болып шығады, мұндайда зақымданулардың капсула астында болуы бүйрек маңы гематомасы түзілмейді: алайда бұлар бүйректің едәуір зақымдалуымен және клиникалық симптомдардың білінетіндігімен байланысты практикада әдетте ауырлығы орташа зақымданулар ретінде классификацияланады. Олардың субкапсулярлық сипаты әдетте рентгенологиялық зерттеу әдістерінің көмегімен кейін ғана білінеді.

Бүйрек зақымдануларының ауыр дәрежесі кезінде клиникалық көрініс негізінен талықсумен және бүйрек маңайы кеңістігіне көп қан кетуімен байланысты. Зардап шеккен адамдардың жалпы жағдайы көпшілігінде ауыр болады, алайда кейбір жағдайларда жарақаттанғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда, ал кей кездері және бірталай ұзақ уақыт бойына науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық шеңберінде, ал ілуде бір жағдайда тіпті қанағаттанарлық та болады. Әдетте іште қан кетудің және ұлғая бастаған анемияның симптомдары білінеді: жабынды тері мен көзге көрінетін кілегей қабықтар күрт қатты бозарып кетеді, еріннің қызыл жиектерінің түсі кетеді, суықтер шығады, науқас барған сайын мазасызданып біресе енжар тартып, сүлесоқтанады, ентігу, артериялық қысымның үнемі төмендей беруі, қандағы сандық және сапалық өзгерістер байқалады. Гематурияның интенсивтілігі әр түрлі болуы мүмкін, бірақ көбіне ол едәуір көп болып, қан үйымалары болады, ал кейде мүлдем болмайды. Қан кету белгілері неғүрлым күштірек білінсе, бүйректің зақымдануы соғүрлым ауыр болады. Бұл орайда зақымдалған бүйрек тұсында кернеу сипатындағы, едәуір талып ауыру байқалады, ішперденің алдыңғы қабырғасы мен бел еңірі бұлшық еттерінің зақымдалған жақтағы бұлшық еттерінің қорғаныштық ширығуы байқалады, бүйрек маңы гематомасының пальпация және перкуссия кезінде тез ұлғайғаны, ішперде тітіркенуінің симптомдары, ішек парезінің белгілері білінеді.

Бүйректердің ашық не жабық болсын зақымдануларының клиникалық көрінісі барынша алуан түрлі болып келеді және көптеген жағдайларға: бүйрек жарақаттануының сипаты мен ауырлығына, қабаттасқан зақымданулардың болуы мен олардың ауырлығына, талықсу дәрежесі мен қанның көп кетуіне, жарақаттанған сәттен бері қаншама уақыт өткендігіне жене т.б. байланысты болады.

Бүйректердің оқшауланған жарақаттанулары алғашқы уақытта көбіне ішперде қуысы органдары зақымдануларының клиникалық симптоматикасымен өтеді. Көпшілік жағдайларда жарақаттанудан кейін бүйректің зақымдануына тән симптомдардың әр түрлі ұштасулары білінеді: тиісті бүйрек төңірегіндегі аурулар, бүйрек маңы гематомасыныңтүзілуі, гематурия байқалады.

Бүйректің оқшауланған жабық жарақаттануы кезінде алғашқы симптомдардың бірі бел өңірінің тиісті жағында не іштіңтиісті жақ жартысында тереңде шаншып, талып ауыруы болып табылады. Бұл ауыру тұрақты, шоғырланған сипатта болады, алайда бүйрек маңына қан кету ұлғайған кезде ол төмен қарай жайылып, кейде тиісті енге иррадиацйяланады, алайда неғұрлым анықауыруы бел өңірінде қала береді.

Зақымдалған жақтағы қабырға асты мен бел өңірін пальпациялаған кезде әдетте ауырғаны байқалады. Тиісті жақтағы қабырға асты мен белдің тиісті өңірі саусақпен ептеп соққанның өзінде ауырғаны білінеді не күшейе түседі.

Бүйрегінде жабық зақымдану бар деп күдіктенген науқасты тексерген кездегі ең маңызды жайт бүйрек маңының гематомасы барын және оның шамасын анықтау болып табылады.

Бүйректің жабық зақымданулары кезінде бүйрек маңына қан құйылуының болуын көбіне перкуссия әдісінің көмегімен анықтайды. Ішке перкуссия жасаған кезде байқалған доғалдық және оның дененің жағдайын өзгерткен кезде жылжымай, тұрақты күйде қалуы бүйрек маңында гематома болуының белгісі деп бағаланады.

Бүйректің ашық болсын, жабық болсын зақымдануларының неғұрлым жиі кездесетін және клиникалық көзқарас тұрғысынан мәнді белгісі гематурия болып табылады.

Бүйректің жабық зақымдануы кезінде пальпациялық тексеру жасаған уақытта кейде алдыңғы ішперде қабырғасының бұлшық еттерінің тиісті жағының ширығуы азды-көпті білінеді және мұның өзі көбіне қабырға асты өңірімен шектеледі.

Жарадан зәр шығуы бүйректің тостағанша-шүмекше жүйесі зақымданып жараланғандығының ең анық белгісі болып табылады.

Бүйректердің жабық және ашық зақымдануларының өту барысы бүйрек жарақаттануының ауырлығына, сондай-ақ анатомиялық ерекшеліктеріне қарай анықталады және көбіне бүйрек жарақаттануының оқшау немесе ұштасқан сипатына байланысты болады.

Бүйректің субкапсулярлық зақымданулары кезінде беткі қабаттағы кішігірім жыртылу және (немесе) орган ішінде тереңдеген жыртылу болуы салдарынан капсула астындағы немесе орган ішіндегі гематомалар байқалады, мұндай зақымданулардың барысы әдетте көңіл көншітерлік болуымен ерекшеленеді. Жарақаттанғаннан кейін 3-5 күн өткен соң клиникалық симптомдардың анықтығы азая бастайды да, науқастың жалпы жағдайы біртіндеп жақсарады.

Алайда бүйректің субкапсулярлық зақымдалуы кезінде жарақаттанғаннан кейінгі алғашқы күндердегі клиникалық симптомдардың білінуі әдеттегі барысында азаймағаны былай тұрсын, қайсыбір дәрежеде тіпті күшейе түскені байқалған жағдайлар болғаны мәлім, бұл әсіресе бүйректің субкапсулярлық зақымдалуының барысын қабыну процесі, соның ішінде пиелонофрит асқындырған жағдайларда солай болады.Мұндай асқыну байқалған кезде клиникалық көрініс күрт өзгереді: зақымдалған өңірінің ауыруы көбейе түседі, пальпациялық зерттеу кезінде кейде оның үлкейгені және ауырсынатындығын байқауға бола­ды, дененің температурасы қатты көтеріледі, қалтырау, ағыл-тегіл терлеу қабаттасады, қанда лейкоцитоз көбейеді. Мұнымен қатар гематурия кейде қатерлі сипат алып күшеюі мүмкін, пиурия пайда болуы ықтимал.

Бүйректің фиброздық капсуласы мен паренхимасының жыртылуы орын алған бүйрек зақымдануларының өту барысы негізінен зақымданудың таралуына және бүйрек маңында түзілген гематоманың шамасына байланысты болады. Егер беткі қабаттағы кішігірім жыртылулар болған кезде бүйректен қан ағу аз болатын және біршама тез тоқтайтын болса, неғұрлым жайылған және тереңдеп жыртылған жағдайлардың көпшілігінде бүйрек маңында біршама үлкен гематома түзіледі; мүның көлемі үлкейіп, кейін қан ағуы жалғасқан жағдайда ішперде сыртында жоғары қарай диафрагмаға дейін және төмен қарай кіші астауға дейін жайылуы мүмкін. Ілуде бір болатын жағдайларда жарақаттанғаннанкеиін белгілі бір мерзім өткеннен соң ілгеріде айтылған гематома ұмада немесе сан терісінің астында байқалуы мүмкін.

Бүйректердің зақымдануларының өту барысы бүйрек жарақаттанған кезде одан қан кетуінің ерекшеліктеріне едәуір дәрежеде байланыс­ты болады. Бұл қан ағудың несеп жолдарына және бүйрек маңындағы кеңістікке баруы неғұрлым жиі кездеседі, сирек жағдайларда ол бұларға қоса ішперде қуысына немесе плевралдыққуысқа баруы мүмкін.

Бүйректердің жабық жарақатының өту барысында маңызды жағдай гематурияның көріну дәрежесі мен сипаты болып табылады. Көпшілік жағдайларда гематурия қысқа мерзімдік сипатта болады. Жарақаттанғаннан кейінгі алғашқы кіші дәрет сындырған кезде білінгеннен кейін гематурия бірнеше дүркін байқалуы, бұдан кейінгі кіші дәрет сындырулардың әрқайсысында қайталануы немесе бірнеше мәрте кіші дәрет сындыруда әдеттегі несеп бөлініп шығуынан кейін барып кайта көрінуі мүмкін. Тіпті гематурия үздіксіз жалғасқан жағдайлардың өзінде оның интенсивтілігі әрбір кіші дәрет сындыру кезінде әр түрлі болады.

Гематурияның жалғасу ұзақтығы барынша әр алуан болады. Сирек болатын кейбір жағдайларда гематурия бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

Бүйректердің зақымдалулары кезінде гематурияның кауіптілігін бағалау мәселесіне айрықша назар аудару керек. Науқастарды анемизацияға апарып соқпайтын, ұзакка созылмайтын болмашы немесе біртоға макрогематурия өмірге кауіпті болмайды. Ал елеулі түрдегі макрогема­турия, несеп тура «таза» кан төрізді немесе мүк жидегі морсы түстес болғанда, немесе несептегі кан «ұйып калатын, сондай-ақ қан түстес дерлік несепте күрт тәрізді не формасыз қан ұйымалары болатын жағдайларда мұның өзі қысқа мерзім ішінде зардапқа ұрынған адамның өміріне тікелей қатерлі ауыр анемияға апарып соғуы мүмкін.

Гематурия бүйректің неғүрлым жеңіл, беткі қабаттағы зақымдалула­ры кезінде және бүйректің ең ауыр жарақаттануы кезінде болмайды; бүйрек ашасының тамырлары зақымдалғанда, несепағар бүйрек шүмекшесінен бөлініп қалған кезде және бүйрек шүмекшесі бірнеше жерден жыртылған кездерде одан аққан қан бүйрек маңындағы кеңістікке барып құйылады; және, ақырында, зақымдалған бүйректің несепағары қан ұйымасымен бітеліп қалган кездерде де гематурия бол­майды.

Бүйрек өзінің тамырлы ашасынан бөлініп қалған кезде немесе бір ғана бүйрек артериясы толық жыртылған кезде бұған қосымша бүйрек паренхимасының жарақаттануымен байланысты гематурия, әлбетте, болмайды. Алайда бүйрек венасы оқшау жыртылған немесе (және) бүйрек артериясы ішінара зақымдалған кезде, бүйректің қанмен жабдықталуы кайсыбір дәрежеде сақталған жағдайда бүйрек паренхимасының бір мезгілде жарақаттануы салдарынан бүйрек ашасы тамырлар-ның зақымдалуына гематурия жиі кабаттасады.

Бүйректің жабық жараққаттануы кезінде гематурия, тегінде, екі бүйректің де функциялары бұзылмаған жағдайда да болмауы мүмкін; мұның өзі бүйректе жарақаттану салдарынан басталған веналық стаз қан кейін бүйректің тостағанша-шүмекше жүйесіне түсетіндей етіп форникстерді жыртуға жетпейтін болып шыққан жағдайлар.

Гематурия жарақаттанудың салдарынан екінші бүйректің қалыпты функциясы сақталып, тек зақымдалған бүйректің ғана функциясының тежелуі басталған кезде де болмауы мүмкін; жарақаттанудан кейін ізінше жасалған урограммаларда мұндай жағдай жиі байқалады. Мұндай жағдайларда бастапқы уақытта несеп қуыққа зақымдалмаған бүйректен ғана келуі мүмкін. Осы себепті бастапқыда гематурия болмаған біраз науқастарда ол кейінірек, зақымдалған бүйректің функциясы қалпына келуіне орай, сөйтіп несептің қанды оның шүмекшесінен қуыққа «шайып әкетуіне» орай пайда болады.

Гематурияға себеп болатын жағдай несеп жолдарына қан ағып келуі тікелей жарақаттанудан соң пайда болатын бастапқы қан ағу, жарақаттанғаннан кейін әдетте 8-10-ыншы күні басталатын және ерте бастан түзілген тромбтардың бөлініп шығуымен байланысты ілеспе қан ағуы және жарақаттанудан кейін 3-4 аптадан соң болуы ықтимал кейінгі кеш қан ағу болуы мүмкін. Соңғысы тамырлардың септикалық эрозиясы салдарынан, сондай-ақ бүйректің жарақаттық инфарктілерінің іріндеуінен болады. Кейінгі кеш гематурияның пайда болуына себепші фактор кейде бұлшық еттердің зорлануы болып табылады.

Бүйректің жабык және ашық зақымдануларының барысында оның жарақаттануға байланысты тостағанша-шүмекше жүйесі тұтастығының бұзылуы салдарынан бүйрек маңындағы кеңістікке зәр келіп түсетін жағдай ерекше назар аударуды талап етеді.

Клиникалық тұрғыда бүйректің жарақаттануының көрсетілген өту барысы несеп инфильтрациясының ұлғаюы мен жайылуы кезеңінде бірқатар жергілікті және жалпы симптомдармен көрінеді. Жергілікті симптомдар қатарына белдің тиісті өңірінің тегістелуінің күшеюі, зақымдалған бүйрек өңірінің пальпация кезінде ауыратыны, алдыңғы ішперде қабырғасының бұлшық еттерінің қорғаныштық ширығуының күшеюі және білінуі аз болған Щеткин-Блюмберг симптомының білінуі, іштің тиісті жартысына перкуссия жасаған кезде бұрын байқалған және дененің калпын өзгерткен кезде жылжымайтын доғалдықтың байқалуы не үлкеюі жатады.

Жалпы симптомдардың арасында несептік интоксикацияның өршуінің клиникалық белгілері: ауыздың құрғай беруі, сүлесоқтық пен болбырлық, науқастың мезгіл-мезгіл болатын қозушылық жағдайы, ұйқы кашу, сананың шатасуы ағыл-тегіл тершендік және т.б. көрінеді. Қанда біршама лейкоцитоз пайда болады, биохимиялық өзгерістер қалдық азоттың, мочевинаның, қан креатининінің артуынан, ациидоздың ұлғаюынан көрінеді.

Ішперде арты несептік флегмонаның дамуы басталған соң зардап шеккен адамның жағдайы күрт нашарлайды: жақ сүйектері шодырайып мұрын ұзарады, көзі шүңірейеді, склердің сарғаюы, терінің құрғақсуы пайда болады не күшейеді; несептік интоксикация симптомдарының аясында септикалық жай-күйдің белгілері көрінеді: қалтыратып, жылбысқы тер шығып, дененің үдемелі типтегі темпиратурасы көрінеді, қандағы формуласы солға қарай аутқыған жоғарғы лейкоцитоз, гемоглобиннің бірте бірте азая беруі. Зақымдалған бүйректің тұсы, іштің сол жақ жартысы катты ауыра бастайды. Ілгеріде айтылған жергілікті симптомдар неғұрлым анық біліне бастайды.

Бүйректің ашық зақымдалулары жағдайында жара арнасының бойында несеп-ірің жыланкөздері түзіледі.

Ішперде артындағы несептік флегмонның қауырт әрі тез клиникалық барысы сирек, негізінен бүйректің оқтан жаралануы кезінде кездеседі, мұндай жаралар әдетте әсіресе инфекцияның ошағы болып табылатын бөтен текті дене бүйрек маңындағы клетчаткада қалған кездерде инфекциялардан болады. Көбіне іріндеп-қабыну процесі бүйрек маңындағы клетчаткамен шектеледі, әуел баста баяу әрі болмашы дамып келіп, неғүрлым кейінгі кезенде байқалады.

Бүйрек зақымдануларының арасында ішперденің париеталдық жа-пырақшасы тұтастығының бұзылуы салдарынан несеп ішперде қуысына өтетін, осыдан барып перитониттің дамуының себебі болуы мүмкіндігі бар зақымдануларға айрықша назар аудару керек. Өте-мәте сирек болатын жағдайлар жабық та, ашық та жарақаттанудың салдары болуы мүмкін.

Жабық жарақат кезінде зақымдалған бүйректен ішперде қуысына әдетте инфекцияланбаған несеп кіруінің салдарынан пайда болған пе­ритонит, әдетте бастапқыда баяу, ақырындап жүреді, клиникалык, симптомдары анық білінбейді; мұның өзі «несептік» перитонитке тән. Сондықтан тек кейін келе ғана, ішперденің қабыну процесі күшеюіне орай перитониттің симптомдары неғүрлым айқын бола бастайды. Алайда жа­бық жарақаттану кезінде де бүйректің зақымдануы салдарынан пайда болған перитонит әуел бастан бастап-ақ айқын білінген сипатта болуы мүмкін. Мұның өзі урогематоманың инфекциялауы салдарынан бүйрек маңындағы және ішперде арты клетчаткасында пайда болған іріңдеп-қабыну процесі ішперденің париеталь жапырақшасының тиісті тұсын ірітіп, ірің мен несептің ішперде қуысына «бұзып кіретін» жағдайда бо­лады. Мұндай жағдайларда перитониттің барысы әдеттегі перитониттен қайсыбір ерекшелігі болмайды.

Бүйрек зақымдануларын қазіргі кездегі шұғыл диагностикасында клиникалық көріністерінің негізінде бүйректің жарақаттануының ауырлық дәрежесін объективтік бағалаудың қиындығымен байланысты зерттеудің арнаулы әдістері ерекше маңызды болып отыр. Бұл әдістер бүйректің зақымдануының ауырлық дәрежесін неғұрлым анық тиянақтауға ғана емес, сонымен қатар онда пайда болатын анатомиялық өзгерістердің сипатын дәл анықтауға да мүмкіндік береді. Мұндай әдістердің катарында цистоскопия мен хромоцистоскопияны, рентгенологиялық зерттеудің әртүрлі әдістерін, радиоизотоптық зерттеуді және т.б. атауға болады.

Цистоскопия мен хромоцистокопия бүйректің зақымданулары кезінде қолданылып жүрген неғүрлым байырғы зерттеу әдістеріне жа­тады. Цистокопия қанның қай несепағар сағасынан бөлінуіне қарай бүйректің зақымдалған жағын білуге мүмкіндік береді, ал хромоцистоскопия зақымдалған бүйректің де, контралатеральдық бүйректің де функциялық кабілеттерін бағдарлап білуге жағдай жасайды.

Бүйректің ашық зақымданулары кезінде хромоцистокопияның диагностикалық маңызына келетін болсақ, онда жараланулар кезінде әдетте операциялар жасап араласу да жүргізілетін болғандықтан және опе­рация кезінде бүйректің зақымдануының сипаты мен ауырлығы анық білінетін болғандықтан, хромоцистокопияның рөлі негізінен егер опе­рация кезінде бүйректі алып тастау кажеттігі пайда бола қалған жағдайда контралатеральдық бүйректің бар екендігін және функциялық қабілетін анықтап беруде зор маңызы бар.

Бүйректердің зақымдануларын танып-білудің алуан түрлі әдістерінің арасында рентгенологиялық тексеру неғұрлым маңызды орын алады. Тұтас алғанда ол клиникалық белгілер мен аспаптық зерттеу нәтижелеріне негізделетін диагностикамен салыстырғанда анағұрлым анық нәтижелер береді, осы себептен ол қазіргі уақытта неғүрлым кең тараған әдіс болып табылады.

Қазіргі рентгенологиялық әдістер зақымданған бүйректің анатомиясы мен функциясы, зақымдалуының ауырлығы, сипаты туралы, сондай-ақ екінші бүйректің анатомо-функциялық жай-күйі туралы да білуге жағдай жасайды. Мұндай әдістердің қатарына несеп органдарының рентгеноскопиясы мен шолу рентгенографиясы, экскреторлық урография, өрлеме пиелография, бүйрек ангиографиясы жатады.

Бүйректердің жарақаттануы кезіндегі рентгенологиялық зерттеу әр уақытта содан басталуға тиісті шолу рентгенографиясынан бүйрек маңында гематома болғандай жағдайда диафрагма күмбезінің жоғары орналасқаны, бүйрек өңірінде жайылып таралған гомогендік келеңкені, бел бұлшық еті мен бүйрек контурларының анық еместігі не мүлдем жоқтығы, ішек тұзақтарының парезі салдарынан газ кернеп көбіне қарама-қарсы жаққа жылжуы байқалады. Бұл белгілер одан әріде жүргізілген урофаммаларда да көрінеді.

Экскреторлық урографияны зардап шеккен адамның жалпы жағдайына   қарамастан және қысқа мерзімде (30-40мин) жүргізуге болады; ол зақымдалған бүйректің ғана емес, сонымен қатар контралатеральдық бүйректің де жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді де, бүйректердің жарақаттанулары кезінде неғүрлым жиі қолданылатын рентгенологиялық зерттеу болып табылады.

Экскреторлық урофафияның көмегімен бүйректің зақымдануының ауырлығы мен сипаты туралы ғана емес, сонымен қатар бүйрек маңында түзілген гематоманың мөлшері туралы да белгілі бір түсінік алуға болады. Гематоманың несепағардың көлеңкесін көбіне медиалдық жаққа ығыстыру дәрежесіне, бүйрек көлеңкесінің жоғары, латеральдық, медиалдық не төмен жылжуына қарап бүйрек маңындағы гематоманың мөлшері туралы ғана емес, сонымен бірге бағдарлы түрде бүйрек зақымының шоғырлануы туралы да пікір түюге болады;

Экскреторлық урографияны жүргізу кезіндегі маңызды жайт мынадай: зақымдалған бүйрек урограммаларда тостағанша-шүмекше жүйесінің азды-көпті дәл бейнесін алу үшін контрастылық затты жеткілікті концентрацияда бөліп шығаратын жағдайда бүйрек жарақатының ауырлығын, сипатын анықтау үшін алынған нәтижелерді, сондай-ақ бүйректің зақымдалуына тән белгілерді дұрыс интерпретациялаудың мәні зор. Мұндай жағдайларда урограммаларда көрінетін рентгенологиялық симптомдар барынша алуан түрлі болады және белгілі бір шамада бүйрек жарақатының дәрежесіне тәуелді болады. Мұндай нышандар қатарына контрасттық заттың «ағып жиналуларының» әр түрлі формалары мен мөлшерлері жатады; бұлар бүйректің тостағанша-шүмекше жүйесінің көлеңкесімен көрші орналасқан патологиялық контрасттық көлеңкелер; бұл көлеңкелер ілгерідегі жүйенің контурларынан асып жайылмайды немесе, керісінше, бүйрек контурларының шегінен асып кетеді.

Ретроградтық пиелографияның диагностикалық мүмкіндіктері бүйректің тостағанша-шүмекше жүйесі тұтастығының бұзылуымен кабаттасатын бүйрек зақымдалуларын ғана көрсетуге саяды. Зақымдалған бүйректің қуыстарында жасалатын көтеріңкі қысымның нәтижесінде оның өз капсуласының шегіндегі, сондай-ақ бүйрек маңы кеңістігіндегі контрасттық зат іркісілістерін анықтау оңайлайды.

Мүмкін болатын асқынуларға жол бермеу үшін ретроградтық пие-лографияны асептика ережелерін бұлжытпай орындай отырып, дөрекі, күштеу манипуляцияларын қолданбай жүргізу қажет. Несепағар катетерін зақымдалған бүйректің қуыстарына жететіндей етіп өткізуге болмайды; бұл талап орындалмаса жаңа түзілген тромб кездейсоқ бұзылуы немесе сол жердегі бүйрек зақымына өтуі мүмкін; кейін бұл зақым қысыммен келіп кіретін контрасттық сұйықтықтың ықпалынан көлемі ұлғайып, бүйректен қан ағуын күшейту қаупін туғызады. 25—30% ертіндіде, мөлшері 3—5 мл-ден аспайтын контраст затты бүйрек ішіндегі қысымның әдеттегі деңгейінен едәуір және кенет асып кетпеуі үшін ақырындап енгізу керек; бұл талап орындалмаса бүйрек зақымын ұлғайтып, одан қан ағуын күшейту қатеріне ұрынуға болады. Мұнымен бірге зақымдалған бүйректің қуыстары жүйесіне контраст сұйықтықтың көп мөлшерде және үлкен қысыммен енгізілуі қан кету қаупімен қатар әр түрлі шүмекше-бүйрек рефлюкстерінің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін; бұл рефлюкстердің ретроградтық пиелограммадағы бейнелерін кей жағдайларда контраст сұйыктықтың бүйрек паренхимасына оның зақымдалуы салдарынан «ағып жиналу» белгілерімен шатастырып алады.

Ретрофадтық пиелография кезінде рентген суреттерін түсіргенде іркілмелердің сипаты мен таралуын әсіресе мұндай іркілме тостағанша-шүмекше жүйесінің бейнесіне «қабаттасатын» жағдайларда неғүрлым жақсы танып-білу үшін екі проекцияда — түзу және қиғаш проекцияларда түсіру қажет.

Бүйректердің зақымдалулары диагностикасының қазіргі бар рентге-нологиялық әдістерінің арасында бүйрек ангиографиясы неғүрлым жаңа әдіс болып табылады.

Бүйрек ангиографиясы — бүйрек зақымданулары диагностикасының неғүрлым ақпаратты әдістерінің бірі. Бұл зерттеудің бағалылығы оны жүргізу нұсқаулары дұрыс белгіленген жағдайларда өте жоғары болатыны күмәнсыз.

Сонымен қатар бүйректердің зақымдалуы кезінде бүйрек ангиофа-фиясын жүйелі жүргізуде ешқандай мағына болмайды, өйткені бүйрек зақымдануларының көпшілігін неғұрлым қарапайым рентгенологиялық зерттеу әдістерімен шектеліп, жан-жақты танып-білуге болады.

Бүйректердің зақымдалуынын бастапқы ерте кезінде артеографиялық зерттеулер жүргізілуін қажет ететіндей көрсеткіштер мыналар:1 -бүйректің зақымдануының клиникалық симптомдары болған жағдайда ішкі қан ағу белгілері бар ұштасқан жарақаттану; әсіресе артериялық кысым ұзақ уақыт төмендеп осыған байланысты мұның алдында экскреторлық урография жүргізуге болмаған жағдайлар: 2 — ретроградтық пиелограммада бүйректің зақымданулары мүлдем белгіленбеген немесе олар айтарлықтай болмаған және бүйрек функциясының көрсетілген бұзылуын түсіндірерліктей болмайтын жағдайда бастапқы және қайталап жүргізілген урография кезінде зақымдалған бүйректің немесе оның бір бөлігінің функциясының болмауы; 3 — урограммаларда зақымдалған бүйректің функциясы сақталған немесе біраз төмендеген кезде, ол бүйректегі анатомиялық өзгерістердің болмашы екендігіне немесе жоқтығына қарамастан, интенсивті түрдегі қанның азаюы бар гематурияның байқалуы; 4 — бүйректің зақымдалуының ауырлық дәрежесі мағынасында болсын, сондай-ақ осыған байланысты операция жасап араласу қажеттігі мағынасында болсын күмәнды жағдайлар; 5 — бүйрек ашасының тамырлары зақымдалған деген күдік болатын жағдай.

Бүйректердің жарақаттануы кезінде артеографиялық зерттеуді әрқашан шолу аортографиясынан бастау керек. Мұның өзі зақымдалған бүйрекке және контралатералдық бүйрекке қатысты және бүйректердің жарақаттанумен бірге көбіне коса зақымдалатын ішперде қуысы органдарының жағдайлары туралы тиісті ақпарат алу үшін қажет.

Ангиографиялық зерттеудің дәлдігі мен толық болуына жету үшін маңызды техникалық алғы шарт қажет болған жағдайда суреттерді әртүрлі проекцияда түсіріп алу болып табылады, ал бұл проекциялар әрбір нақты жағдайда жекелей көзқарас тұрғысынан таңдап алынады (селекциялық полипозициялық бүйрек артеографиясы).

Бүйректерді артеографиялық зерттеудің диагностикалық зор маңызы болатыны мынадай жағдайлар: бүйректердің жарақатталуы соның ішінде екі жақты жарақатталуы ануриямен қабаттасатын, осының салдарынан бүйректің зақымдануының жетекші симптомы — гематурия — болмайтын, ал жарақаттану фактісінің өзі белгісіз болатын жағдайлар.

Бүйрек ангиографиясының жетістіктері қатарында оны артериялық қысымның нәтижесінде экскреторлық урография нәтижесіз болып шығатын талықсу мен коллапс кезінде жүзеге асыруға болатынын айтуға болады. Бұған қоса бұл зерттеуді де әртүрлі иммобилизациялық шараларға қарамастан жүргізуге болады, ал ретроградтық пиелография мұндай шаралар кезінде қолдануға келмейлі.

Бүйректің зақымдалуының зерттеу фазасына тәуелді болатын анги-ографиялық симптомдардың ішінде неғүрлым жиі кездесетіндері мыналар: артеографиялық фазада — бүйрек ішіндегі артериялық тармақтардың окклюзиялары, мұның өзі бұл тармақтардың зақымдалуы және оларда қайталама тромбоздың дамуы салдарынан болады; кейде бүйрек ішіндегі доға тәрізді қисайсаған артериялық бағандардың арасында тамырсыз аймақтардың түзілуі — бұлар бүйрек жарақаттануының ерте сатысында бүйрек ішіндегі қан құйылулардан болған нышандар (кейінгі стадияда бұл өзгерістер бүйрек ішінде түзілген гематомалардан  бүйрек абсцестерінен болатын бүйректің жалған кисталарынан туындайды); жарақат салдарынан бүйрек паренхимасының ісінуімен байла­нысты вена стазы себепті артериялық және паренхиматоздық фазалардың ұзаруы; бүйрек фрагменттері жылжып жыртылған кезде бүйрек ішіндегі артериялық бағандардың әр түрлі аралыққа «алшақтауы»; бүйрек артериясының немесе оның тармақтарының бірінің көлеңкесінің «үзілуі» (әдетте бүйрек полюсі өңірінде), мұның өзі бүйрек артериясының жыртылуы кезінде, сондай-ақ тамырдың тромбо­зы кезінде байқалуы мүмкін; сирек жағдайларда бүйрек артериясы келеңкесінің ақауы оның саңлауында қабырғасының зақымдалған жерінде қабырғалық тромб түзілген кезде болады; контрасттылық экстравазаттардың түзілуі, мұның өзі зерттеу кезінде бүйректен қан ағуының жалғасқанын көрсетеді.

Бүйректердің зақымдалуларын танып-білуде артериографияның маңызын бағалай отыра, қалай дегенмен бұл әдістің де диагностикалық мүмкіндіктері шектеулі екенін айту керек, сондықтан бүйректің жабық жарақаттануы жағдайларының көпшілігін (шайқалу, паренхиманын беткі сызат-жарықтары, бүйректің жыртылған тұстарындағы кішігірім капсулаастылық және бүйрек ішіндег қан кұйылулары, форникстердің іріндеуі және т. б.) танып-білу кезінде оның тиімділігі аз болып шығады.

Соңғы уақыттағы жетістіктердің бірі клиникалық практикада бүйректің зақымдануларын танып-білу кезінде радиоизотоптық зерттеу әдістерінің қолданылуы болып табылады.

Сцинтиграфия (гаммакамерада жүргізілетін зерттеу) кезінде алынатын бүйрек жарақатының нышандары жарақаттың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты бағдармен алғанда мынадай болып шығады. Мәселен, бүйректің беткі жыртылулары кезінде егер онымен бір мезгілде бүйрек паренхимасының соғылуы болмаса, сцинтиграфия әдетте ешкандай өзгерістерді анықтамайды. Бүйрек соғылған кезде зақымдалған бүйректің изотоптар жинақтауының төмендеуі байқалады, оның бейнесінде деформация болмайды. Бүйректің жыртылулары кезінде сцинтиграмма зақымдалған бүйректің бейнесі контурында өзгеріс болмай, зақымдалу ошағында препараттың жиналуының төмендеуін көрсетіп береді. Бүйректің жекелеген бөліктерінің қанмен жабдықталуы сақталып, бүйрек фрагментацияланған кезде бөліктерге сәйкес сцинтиграммада бүйрек бейнесінің жекелеген бөліктері оның контуры бұзылған түрінде байқалады. Бүйректің белгілі бір фрагментінің қанмен жабдықталуы бұзылған жағдайларда, мұның өзі көбіне бүйрек полюсі бөлінген кезде орын алады, сцинтиграммада оның «ампутациясы» байқалады және бүйректің қанмен жабдықталу сақталған бөлігінің бейнесі ғана көрінеді. Бүйректің езілуі, оның тамырлы ашадан ажыратылуы, бүйрек артериясының жарақаттық тром­бозы кезінде зақымдалған органның сцинтиграфиялық бейнесі болмай­ды, сондықтан мұндай жағдайларда зерттеудің рөлі контралатеральдық бүйректің анатомо-функциялық жағдайын бағалауға саяды.

Бүйректің жарақаттануының ілгеріде айтылып өткен сцинтиграфиялық нышандары бағдарлы нышандар болып табылады, өйткені практи­када бүйректердің зақымдануларының аталған формаларының, сондай-ақ аралық анатомиялық формаларынын да әр түрлі болып ұштасулары кездесуі мүмкін.

Бүйректердің жарақаттануы кезінде сцинтиграфия өз алдына дербес зерттеу әдісі деп есептелінбейді. Сондықтан бұл зерттеуді зақымдалған бүйректің тостағанша-шүмекше жүйесінің жағдайын да, ал кажет болған кезде тамырларының жағдайын да анықтауға мүмкіндік беретін рентгенологиялық әдістердің бірімен міндетті түрде ұштастыру талап етіледі.

Радиоизотоптық зерттеу бүйректің жарақаттануының салдарынан олигоанурия секілді қаһарлы асқынуы пайда болған кезде де диагностикалық зор маңызға ие болады.

Соңғы уақытта бүйректердің және бүйрек маңы кеңістігінің әр түрлі хирургиялық ауруларының диагностикасы үшін ультрадыбыстың қолданылуы туралы жазылған еңбектердің арасында бұл зерттеу әдісін бүйрек маңындағы гематомдарды танып-білу үшін қолдану мүмкін екені туралы нұсқаулар бірден-бірге жиі кездесіп жүр. Осыған байланысты бүйрек зақымдануларының диагностикасында ультрадыбыстың қолданылуы перспективалы зерттеу әдісі болып табылады, өйткені ол бүйрек жарақаттануының маңызды симптомы — гематоманың болуын және өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді, ал гематоманың зардап шеккен адамды клиникалық тексеру кезінде анықталуы сирек болатыны және қиын соғатыны белгілі. Ілгеріде атап айтқанымыздай, бұл белгіні анықтаудың маңызды болатын тағы бір себебі мынау: бүйрек маңындағы гематоманың көлем-шамасына қарап бүйректің зақымдануының ауырлығы туралы едәуір дәрежеде пікір түюге болады, ал мұның емдеу тактикасын белгілеу үшін төтенше маңызы бар. Бұған коса ультрадыбыстың қолданылуының дифференциялық-диагностикалық маңызы да болуы мүмкін; өйткені ол ішперде артына қан кұйылуын ішперде қуысында сұйықтық жиналуынан саралап ажыратуға мүмкіндік береді. Ультрадыбыстық зерттеудің бұрын байқалған бүйрек маңы гематомасының ұлғаю шапшандығын динамнкада кадағалау үшін үлкен маңызы бар; ол зақымдалған бүйректен қан кетуінің интенсивтілігін көрсетіп береді де, емдеу тактикасының сипатын белгілеу үшін шешуші маңызы болады.

Ультрадыбыстық тексеру зардап шегушілердің жарақаты көп, жағдайы ауыр болған уақытта қолданған кезде ерекше бағалы әдіс болып шығады; науқасты бірнеше дүркін ауыстырып жатқызу қажет болатын диагностиканың рентгенологиялық әдістерін қолдану қиын әрі науқас үшін қауіпті болатын жағдайда немесе  бұл әдістер колданылғаннан кейін де бүйрек маңы гематомасының бар екендігі және  мөлшер-шамасы қандай екендігі жөнінде күмән сейілмейтін кезде ультрадыбыстық зерттеу маңызды әдіс болады. Бұл зерттеу әдісінің науқас үшін қауіпсіздігі және ауыртпалықсыз болатындығы оны қажет болса бірнеше дүркін кайталауға мүмкіндік береді.

Бүйректің жарақаттануы кезінде ішперде қуысының органдары зақымдалмады ма деген күдікке байланысты жүргізілген лапороскопияның диагностикалық маңызы бұл зерттеу кезінде бүйрек маңы гематомасының бар екендігін анықтау және бағдарлы түрде оның шамамөлшерін білу мүмкіндігіне саяды. Бұл жағдай бүйректің жарақаттануының басқа, атап айтқанда, гематурияның клиникалық симптомдары болмаған кезде бүйректің зақымдануы болу мүмкіндігіне назар аударуға, зақымданудың кай жақта екенін және болжалды түрде ауырлық дәрежесін білуге мүмкіндік береді.

Бүйректердің жабық зақымдануларын емдеудің консервативтік әдісі, емдеу тактикасы жөніндегі қазіргі бар пікір алалықтарына қарамастан, қазіргі уақытта да неғүрлым жиі қолданылатын емдеу әдісі бол­ған күйінде калып отыр.

Бүйректің зақымдалуымен байланысты қолданылатын консервативтік емдеу негізінен зардап шегушінің жалпы жағдайын қалпына келтіріп қанағаттанарлық деңгейде ұстауға бағытталуы тиіс. Сондықтан бүйректің зақымдалуы — ашық түрі не жабық түрі болса да -бар деп күдіктелген немесе зақымдалуы жоқ деп сеніммен айтуға болмайтын науқастардың барлығы шұғыл түрде госпитализациялауға жатады; мұнда ен басынан бастап оларға төсек режимін бұлжытпай, толық тыныш жағдай қамтамасыз етілуі керек; науқастың жалпы жағдайы, ге­модинамика көрсеткіштері (тамыр соғуының жиілігі мен кернеуі, артериялық қысым, айналыстағы қанның көлемі, қандағы гемоглобин мөлшері, гематокрит), бүйрек жарақаттануының негізгі симптомдары деп аталатын гематурияның, бүйрек маңы гематомасының, ауыру факторының болуы мен білінуі, абдоминальдық симптомдардың — алдыңғы ішперде кабырғасының пальпация кезіндегі кернеуі мен ауыруы, іштің бүйір бөлімдеріндегі доғалдықтардың, іштің кебуінің, Щеткин-Блюм-берг симптомының, ішперде қуысы органының бастапқыда байқалмаған қабаттаса зақымдануының көрінісі де болуы мүмкін басқа симптомдардың болуы мен білінуі мұқият, динамикалық күйде кадағалануы кажет.

Жарақаттанғаннан кейін бірінші тәулікте науқасқа зақымдалған бүйрек өңіріне суық тағайындау қажет.

Зардап шеккен адамдарда естен тану белгілері байқалған жағдайларда (бүйректердің оқшауланған зақымдарды кезінде ол сирек кездеседі) ең алдымен естен тануға қарсы әдеттегі, жалпы қабылданған шараларды жүзеге асыру қажет.

«Бүйректердің зақымданулары кезінде іс жүзінде шыдатпайтын, қатты ауыру ешқашан қабаттаспайды, бірақ олар екінің бірінде ішперде қуысы органдарының жарақаттануымен ұштасады, ал соңғының клиникалық көріністері кейде бүйректің зақымдануының неғүрлым анық білінетін белгілері тасасында көрінбей қалады. Сондықтан қалай болғанда да жарақаттанғаннан кейінгі бастапкы кезде, егер бүйрек зақымдалуын емдеудің консервативтік тактикасын жүргізу белгіленетін болса, наркотиктер қолданудан тартынып, анальгетиктермен шектелу керек.

Бүйректің жарақаттануымен қатар сүйектері зақымданған зардап шегушілерге қатысты талықсуға карсы комплексті терапияның маңызды бір амалы сүйек сынған орындарды жергілікті новокаиндік блокадалау, Школьников бойынша ішкі астаулық новокаиндік анестезия және басқа амалдар болады.

Қан құюдың және естен тануға қарсы әр түрлі сұйықтықтар құюдың да үлкен маңызы бар.

Гемостатикалық дозаларда қан, дұрысырағы жаңа алынған қан кұюдың бүйректен қан кетуін тоқтату үшін де маңыздылығы көп; консервативтік емдеу әдісін қолданған кезде көпшілік жағдайда қан кетуін қысқа мерзім ішінде тоқтатуға келе коймайды.

Бүйрек зақымдануларын емдеу қабыну сипатындағы асқынулардың алдын алу мақсатында антибиотиктер мен антибактериялық препараттар қолданумен ұштастырылуға тиіс екені жалпы қабылданған жағдай.

Жүрек-тамыр жүйесінің, тыныс алу орталығының және т.б. қызметін көтермелейтін басқа дәрілік препараттар пайда болатын кажеттілік көрсеткіштеріне байланысты тағайындалады.

Бүйректердің зақымдануларын консервативтік емдеу кезінде дисэ-лектролитемияны, бүйрек жарақатымен қатар басқа да зақымданулары бар науқастарда жиірек кездесетін азотемияны кетірудің де көп маңызы бар. Алайда организмдегі мұндай биохимиялық кінәраттарды емдеу қажеттігі бүйректсрдің оқшауланған зақымданулары кезінде де, олигоанурия секілді қаһарлы асқыну дамитын жағдайларда пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда диурезді көтермелейтін, ал егер одан ештеңе шықпаса экстракорпоральдық гемодиализді көтермелейтін комплексті шараларды жүзеге асыру кажет.

Бүйректердің жабық зақымдануларын консервативтік емдеу кезінде жекелеген авторлар бүйрек зақымдарының жазылуына жақсы жағдай жасалуын қамтамасыз ету үшін және бүйрек маңындағы гематоманы кетіру үшін эндоскопиялық немесе хирургиялық манипуляциялар қолдану қажет деп есептейді.

Операцияның қажеттілігінің көрсеткіші абдоминальдық нышандардың болуына не болмауына қарамастан, бүйрек зақымдануының клиникалық симптомдарды аясында болатын елеулі, өмірге қауіпті ішкі қан кету белгілері болып табылады (артериялық қысымның түсіп кетуі, тамыр соғуының жиілеуі мен әлсіреуі, тыныстаудың жиілеуі, айналыстағы қан көлемінің кемуі, қан кетудің есесінің толық өтелгендей болу­ына эфектінің жоқтығы); ал абдоминальдық белгілер бүйрек жарақаттануының салдары да, сондай-ақ ішперде кеңістігі органдарының қабаттаса зақымдалуының көрінісі де болуы мүмкін екені мәлім. Ілгеріде көрсетілген, өмір үшін қауіпті қан кетудің себебі мұндай жағдайларда: бүйректің немесе (және) оның тамырлы ашасы элементтерінің оқшауланған ауыр зақымдалуы, бүйректің немесе (және) оның тамырлы ашасының және ішперде қуысы органының бір мезгілде қатарынан жарақатталуы болуы мүмкін; сондай-ақ мұның себебі бүйректің қосыла жарақаттануы өзінің сипаты бойынша ішкі қан кетумен (бүйрек маңындағы кеңістікке немесе ішперде қуысына) қабаттаспайтын тек қана гематурия болатын жағдайда ішперде қуысы органының бір өзінің ғана жарақаттануы болуы мүмкін; ал гематурияның көпшілік жағдайда жедел операция жасап араласуды талап ететін жиынтық шұғыл қан кетуде елеулі рөл атқармайтыны белгілі. Бір мезгілде бүйректі зақымдайтын жарақаттану салдарынан пайда болатын қан кетудің мүмкін болатын негіздері ілгеріде аталғандармен, әрине, шектелмейді.

Операция жасау қажеттігінің көрсеткіштері жарақаттанудан кейінгі алғашқы сағаттарда пайда болады; алайда бастапқы қан кетудің күшеюі немесе қайта басталуы салдарынан бұл көрсеткіштер кенеттен және алғашқы 3 тәулік ішінде пайда болуы да мүмкін, ондайда мұның себептері, мысалы бұрын төмендеген артериялық қысымның реанима­циялық шаралардың нәтижесінде көтерілуі, тамырдың зақымдалған жерінде бұрын түзілген тромбтың бұзылуы және т.б. болуы ықтимал.

Операцияның кажеттілігі неғұрлым кейін кезендерде де қабыну процесінің дамуы және онымен байланысты шұғыл пайда болған кайталама қан кету себебінен де қалыптасуы мүмкін; ал қан кетуі ірі тамыр тармағы кабырғасыныц эрозиясы, тромбтың жарылуы және т.б. салдарынан болады.

Операция жасап араласу кезінде туындаған, бүйректе органды сақтайтын операцияны жасаған тиімді ме және нақ қай операцияны жасаған тиімді деген мәселені шешу үшін қан айналысының бұзылған және мүмкін болатын некроз аймағын болжамды түрде болса да анықтау үшін бүйрек жарақатының анатомиялық егжей-тегжейін дұрыс бағалаудың негізгі маңызы бар. Мұндайда операцияға дейін науқасты тексерген кезде жүргізілген артеографиялық зерттеудің ерекше маңызы болады.

Бүйрек зақымдалған кезде бүйрекке жасалатын, органды сақтайтын операцияның табысты болуы көбіне-көп соның шешілуіне тәуелді болатын неғұрлым маңызды бір мәселе — тұрақты гемостазға жету болып табылады. Алайда бұл шартты жүзеге асыру үшін зақымдалған бүйрекке алдын ала мұқият ревизия жасап алу қажет; мұндағы мақсат бүйрек жарақатының егжей-тегжейін барынша анық бағалап алып, осының негізінде алда тұрған, бүйрекке жасалатын орган сактайтын операцияның қандай сипатта болатынын белгілеп алу керек. Сондықтан орын алған бүйрек зақымдарын анық бағалау үшін алдын ала, тұрақты гемостазды жүзеге асыруға және зақымдалған бүйрекке қажетті хирургиялық манипуляцияларды орындауға кіріспестен бұрын бүйрек тамырларын саусақтармен, тамыр қысқышпен немесе тамырлы ашаны айналдыра еткізіліп тартылған қалпы фиксацияланған резіңке жгутпен қысу арқылы уакытша гемостаз жасау қажет. Бұл үшін бастапқыда бүйректің тамырлы ашасын жақсылап жалаңаштап алу, бүйрек тұратын ойысты сұйык қаннан тазартып қан ұйымаларын кетіргеннен кейін кұрғатып алу керек. Тек осыдан кейін ғана бүйректе фиксацияланған қан ұйымаларын мұкият, төзімділікпен кетіруге кірісуге болады. Бүйректің байқалған жараларын да құрғатып, қан ұйымаларынан босатады. Бұл манипуляцияларды бұрын бар бүйрек зақымдарын ұлғайтып алмас үшін өте-мөте абайлап орындау қажет.

Гипоксия салдарынан бүйрек паренхимасында қайтымсыз өзгерістердің болмауы үшін нормотермия кезінде зақымдалған бүйректің қан айналысы шеңберінен ағытылатын уақыты 5-7 минөттен, ал гипотермия кезінде 10-15 минөттен аспауға тиісті.

Бүйректердің ашық болсын, жабық болсын жарақаттанулары жағдайында жасалатын орган сақтаушы операцияларға бүйрек жарасының тампонадасын, оған тігістер жасауды және бүйректің зақымдалған бөлігін резекциялауды жатқызады.

Бүйрек жарасын гемостаз мақсатында дәке тампонмен тампонадалау бүйрек зақымдалулары кезінде қолданылған тұңғыш әдістердің бірі болатын. Алайда бертін келе, тәжірибенің жинақталуына орай бүйрек жарақаты кезіндегі бұл гемостаз әдісі негізінен сенімді гемостазды қамтамасыз ете алмайтын және екінің бірінде ауыр асқынуларға апарып соғатын болғандықтан қолданудан қалды.

Бүйрек жарасына әр-біріне жеке тігіспен тігілетін аутотінмен (бұлшық етпен, май клетчаткасымен, ішмаймен, шандырмен, апоневрозбен) биологиялық тампонада неғұрлым ақталымды деп танылды. Биологиялық тампондарының соңғы жылдары қолданылатын гемостатикалық препараттармен (гемостатикалық губка мен мақта, фибриндік пленка, кровостак және т.б.) тампонадалау сияқты бір артықшылығы кейін тампонды жарадан шығарып алу қажеттігі болмады. Алайда аутотінмен де, гемостатикалық препараттармен де тампонадалау сенімді гемостазды қашамасыз етеді. Соңдықтан орган сақтап қалатын операциялардың араласу кезінде сенімді гемостазға жету үшін оны жүзеге асыру жөніндегі процесті уақытша және сенімді емес шараларды қолдану есебінен жеделдетуге ұмтылмау керек, қан ағатын тамырларды лигатуралап, бүйректің жарасын толық хирургиялық өңдеуден өткізу керек. Бүйрек жараларын тігістердің көмегімен жабуға келетін болсақ, бүйректің беткі, тереңдігі 2-3 мм жарықтары өңдеу мен тігіс салуды мүлдем талап етпейді. Бүйрек тінінің неғұрлым терең жырықтарын міндетті түрде тігу керек болады. Жырықтың шеттерін мұқияттап дұрыс қиюластырып, оларды осы қалпында тігістермен фиксациялау арқасында гемостазға қол жетеді де, кейін долбар тыртықтар қалмайды. (7.1-сурет).

Кейде бүйректің зақымданулары кезінде органның бір бөлігін резекциялау сияқты операция жасау қажеттігі келіп шығады (7.2-сурет). Әдетте бұл көптеген герең жырықтар болған немесе бүйректің полюстерінің бірінің езілуі болған жағдайларға қатысты, осы себептен де оны қазіргі бар әдістемелердің бірі бойынша резекциялау жүргізіледі. Алайда практикада зақымдалған бүйректі жалаңаштағаннан кейін оның бір бөлігі, мысалы, оның полюсі жарақаттану салдарынан органның негізгі массасынан ендігі бөлініп қалып, бүйрек маңындағы кеңістікте бөлек жатқан немесе ашада «салбырап тұрған» болып шығатын жағдайлар кездеседі. Сондықтан бүйреуінің полюсі жұлынып кетпеген кездерде бүйрек әдетте пайка болған жараны хирургиялық өңдеуді жүзеге асырудың арқасында ғана резекцияланған болып шығады. Операция кезінде мұндай жағдайларда бүйрек паренхимасының өмірге қабілетсіз және өмірге қабілетті күмәнді

учаскелерінің барлығын алып тастайды, қажет болғанда бүйрек ашасының тамырларын қысып қою арқылы уақытша гемостаз жасап не онсыз қан шығып тұрған тамырларды мұқият «қырнап», лигатуралайды, тостағанша-шүмекше жүйесінің байқалған ақауларын жіңішке кетгуппен бүріп тігіп, жүйенің герметизациясын қалпына келтіреді. Жараның бетін бір кесек «езілген» бұлшық етпен жауып, оны жараның шеттері бойымен тігістермен фиксациялайды (7.3-сурет).

Зақымдалған бүйректі органды сақтап қалатын операция жасап емдеу кезінде оның қуыстарын дренаждау қажеттігі туралы мәселе өте-мөте маңызды мәселе болып табылады. Бүйректің кіші-гірім зақымдалулары кезінде бұл шағын болғанымен, бәрібір қосымша араласуды тіпті зақымдар бүйректің тостағанша-шүмекше жүйесіне еткен күннің өзінде жүйелі түрде орындау тиімді емес, өйткені бүйрек қуыстарының ішіндегіні ағызып әкету мұндай жағдайларда несепағар арқылы да жеткілікті жақсы атқарылады. Мұның есесіне бүйректің жиі кездесетін, шеттері езілген, тіпті жеке бір ғана оның қуыстары жүйесіне «сұғынатын» жырығы болған жағдайда бүйрек жарасын бүріп тігу, бүйректің едәуір бөлігін резекциялау, бүйрек ауыр зақымдалып жалғыз немесе қарымы толық жалғыз бүйрекке органды сақтап қалатын операция жасау кездерінде несепті бүйректен әдетте әрине бұрыш әкету керек. Нефростомия жасау кезінде нефростоманы бүйректің зақымдалмаған немесе неғұрлым аз зақымдалған учаскесіне оның сыртқы шеті немесе полюстері маңыңда кабыстырып салу керек болады.

Бүйректердің жарақаттануы кезіндегі органды сақтайтын операциялық емдеу туралы мәселенің маңызды бір бөлігі бүйрек ашасы тамырларының зақымдалуымен байланысты жасалатын операциялық араласу кезінде бүйректі сақтау туралы мәселе болып табылады.

Бүйрек ашасының тамырлары үзілгенде немесе интиманың үзілген жерлерінде тамырлардың жедел жарақаттық тромбозы болғанда, тамырдың өзінің үздіксіздігі сақталған жағдайда бүйрек тамырларына жарақаттанудан кейін 30 мин өткенге дейінгі мерзімде қалпына келтіру операциясын жүргізуге болады, бұл мерзімде тиісті бүйректе ишемияның салдарынан қайтымсыз өзгерістер әзірге басталып үлгірмейді. Бұл кажеттілік жалғыз немесе қарымы толық жалғыз бүйректің негізгі тамырлары зақымдалған жағдайларда өмірлік маңызы бар кажеттілік болып шығады.

Бүйрек ашасының екі тамырының біреуі немес екеуі де ішінара зақымдалған кезде, бүйректе қан айналысы белгілі бір дәрежеде сақталған және ұзақ ишемия салдарынан органның істен шығу қатері жоқ болғанда операция жасап араласу уақытында бүйрек тамырларының осы тектес ақауы анықталатын болса, қан кетуін тоқтату және тиісті бүйректі сақтау мақсатында оларды жабуға барынша күш салу керек болады.

Бүйректердің зақымдалулары кезіндегі органды сақтау операциясы әдетте қажет болып шығатын көлемде, атап айтқанда зақымдалған бүйректің жарасын тігу түріндегі келемінде ұзақтығы жөнінен нефрэктомия операциясынан аспайды, бірақ оның есесіне мұндай орган сақтайтын операция нефроэктомияға қарағанда жарақаттауы аз болатыны күмәнсіз, соңдықтан ауыр науқастарға жасау үшін неғұрлым қолайлы. Әрине, егер ауыр науқасқа бүйрегіне жасалатын органды сақтап қалатын қажетті операцияны жасау кезінде оның зақымдалу сипатына қарай ұзақ уақыт манипуляция жасау қажет болатындай кезде нефрэктомия жасау тиімді (7.4-сурет) .

Зақымдалған бүйректі алып тастау қажеттігі туралы шешім операция уақытында қабылданып, ал екінші бүйректің жағдайы туралы деректер белгілі бір себептермен жеткіліксіз болып шықса, нефрэктомияны жасамас бұрын контралатеральдық бүйректің бар екеніне және қарымы толық екеніне көз жеткізіп алу керек. Әдебиетте жарақаттануына байланысты жалғыз немесе функция атқарып тұрған жалғыз бүйрек алынып тасталған бірталай жағдайлар мәлім.

Зақымдалған бүйректі хирургиялық емдеу кезінде оған операциялық жету жолдары туралы мәселе өте маңызды мәселе, хирургтердің арасында бұл жөнінде қарама-қарсылықты пікірлер бар. Мұндай жолдардың лапаротомия, люмботомия және торакотомия екені белгілі. Зақымдалған бүйрекке операция жасау үшін бұл жолдардың біреуін таңдау операцияның қажеттілігі жөнінде пайда болған көрсеткіштер және басқа органдардың қабаттаса зақымдалу белгілерінің болуы негізге алына отырып жасалуы керек.

Операция уақытында бүйректің де, сондай-ақ ішперде қуысы органының да зақымдалуының белгілері көрінген жағдайда операциялық жолға қарамастан зақымдалған органға операциялық жәрдем жасаудың кезектілігі маңызды мәселе болып табылады. Әдетте зақымдалған бүйректі ревизиялауға және лапаратомия кезінде оған операциялық жәрдем көрсетуге әдетте ішперде қуысы органдарына жасалатын барлық операциялық шаралар аяқталғаннан кейін ғана кіріседі, өйткені ішперде қуысы органының зақымдануы бүйректің закыңдануынан гөрі көбіне анағұрлым кауіпті. Сонымен қатар ішперде қуысы органдарының қабаттасқан зақымданулары операция сәтінде науқастың өміріне тікелей қауіп төндірмейтін немесе жалпы алғанда ауыр емес болатын, ал бүйрек маңыңдағы гематома үлкен әрі кернеулі болып, зардап шегушінің халінін ауырлығы бүйректің едәуір зақымдалуынан екенін көрсетіп тұратын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайларда ең алдымен бүйректен қан кетуін тоқтатып барып оның зақымдалуын анықтауға кірісу керек, тек осыдан кейін ғана ішперде қуысының зақымдалған органындағы манипуляцияларға кірісу керек болады.

Бүйрек жарақатының асқынулары арасында, жалпы хирургиялық асқынулар мен басқа органдардың зақымдалуымен байланысты асқынулар туралы мәселені қозғамасақ, бірінші орында зақымдалған бүйрек пен бүйрек маңындағы кеңістіктегі қабыну сипатындағы асқынулар тұрады.

Зақымданған бүйрек тарапынан болатын асқынулар қатарында пиелонефрит неғұрлым жиі кездеседі, және ол консервативтік емдеуден кейін де, операциялық емдеуден кейін де байқалады. Іріңдеп қабыну процестерінің болуы сирегірек және бұлар бастапқыда бүйрек ішіндегі гематомалардың іріңдеуі салдарынан дамиды. Нақ осы тектес гематома, ал кейіннен абцесс те бүйрек жарасының тереңінде, операция кезіңде оған салынған тігістердің астында болуы мүмкін. Іріңдеуден болған нефрит өте сирек кездеседі. Бастапқыда зақымдалған бүйректе өрбіген іріндеу-қабыну процесі одан әрі ірің жарылған кезде бүйрек манындағы клетчаткаға тарап іріңдік паранефриттің дамуына себепші болады. Кейде паренефриттің дамуына геморрагиялық және ишемиялық инфарктілердің ірінінің жарылуы себептеседі, мұның өзін макроскопиялық тұрғыда зақымдалған бүйректің карбункулы деп қалуга болады. Зақымдалған буйректе қабыну процесі бастапқыда дамыған паранефриттін салдарынан да басталуы мүмкін.

Бүйрек жарақаттануының іріңдеу-қабыну сипатындағы асқынулары кезінде операциялық емдеу нұсқалады.

Бүйрек зақымдалуының басқа асқынулары арасында бүйрек паренхимасының жарақаттану салдарынан қанмен жабдықталуы бұзылған өңірлерінің некрозын атап айтуға болады және ол сирек кездеседі.

Бүйрек жарақаттануының сирек кездесетін асқынуларының катарына бүйрек артериясы не венасы тармақтарының бүйректің ишемиялық не геморрагиялық инфарктілері түзілетін тромбозы, сондай-ақ бүйректен қайталама қан кетуі жатады, бұлар консервативтік емдеу пәрменсіз болса, операция жасауды талап етеді.

Мұндай жағдайларда белгілі медикаментоздық емдеумен қатар экстракорпоральдық гемодиализ маңызды рөл атқаруға тиіс, ол осы асқыну кезінде біздің мүмкіндігімізді едәуір молайтады, өйткені оны қолданып зардап шегушінің ағзасынан токсиндік өнімдерді, бүйрек функциясынын бұзылуы салдарынан жиналып қалған азотты шлактарды шығаруға болады, осы арқылы бүйректерде кайтымсыз өзгерістер басталғанға дейін олардың функцияларының қалпына келуі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге болады.

Бүйрек жарақаттануының қатерлі асқынуы олигоанурия болып табылады, мүнын өзі бүйректің окшау зақымдалуы кезіиде де байқалуы мүмкін, кебше екі жақты зақымдануда жиі кездеседі. Бүл орайда олигоанурия шок кезінде солай болатын сияқты рефлекторлық сипатта болуы мүмкін, қан кетудің орны толмауынан өрбіген гипоксияның, осыдан барып ағзадағы тотығу — калпына келу процесі бұзылуының және бұдан әрі зат алмасудың жете тотықпаған өнімдермен аутоинтоксикациясының салдары болуы мүмкін, немесе белоктың ыдырауы өнімдерінің ағзаға әсері, жедел (миоглобинуриялық) нефроздың дамуының салдары болуы мүмкін, соңғы жағдай жұмсақ тіндердің көп езілуі кезінде болады. Осының барлығы бүйректерде бастапқыда өткінші өзгерістердің, ал кейіннен дер кезінде және толық қарымды емдеу болмаса, кайтымсыз да өзгерістердің де дамуына әкеліп соғады.

#Бүйректің #жарақаттанулары