Горбачев мансабынан бас тартып, ТМД-ны құруға қалай келісті?

0

Барлығы Горбачевке егемендік шеруіне үлес қосқаны үшін алғыс айтады.(https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B4_%D1%81%D1%83%D0%B2%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B2?wprov=sfti1) Ол нені өзгертті? Әлде КСРО бүкіл әлемнен артта қалуы қалыпты  ма? КСРО-ны 1980 жылдан бастап 3 әлемнің елі деп санады. Горбачев билікке келгеннен кейін өзінің қолынан не келетінін көрсету керек болды. Ол үшін Алматы қаласы таңдалды.
(https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%B1%D1%80%D1%8C%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5_%D1%81%D0%BE%D0%B1%D1%8B%D1%82%D0%B8%D1%8F_%D0%B2_%D0%90%D0%BB%D0%BC%D0%B0-%D0%90%D1%82%D0%B5?wprov=sfti1)
Алматы Қазақ КСР астанасы болып бекітілгенімен, бірақ нәтиже олар ойлағандай болмады. Горбачев билікті орталықтандыра алмағаны үшін емес, дағдарыс оны тұншықтыра бастағандықтан, елдегі жағдай да ушыға түсті.

(https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%B9%D0%BA%D0%B0?wprov=sfti1). Ресей енді өз колонияларын тоқтата алмады. КОКП Орталық Комитетінің әкімшілігі реформасы тарихтағы ең ірі өзгерістердің біріне айналды. Осыған дейін қолданылған бас хатшы лауазымы 1990 жылдың 14 наурызынан бастап КСРО президенті деп алмастырылды. Жеке дара мемлекет басшысы институтын енгізу идеясы (алқалық басшылық қағидатының орнына) алғаш рет 1936 жылғы КСРО Конституциясының жобасын дайындау кезінде пайда болды. Алайда, КСРО-ның ресми емес бірінші тұлғасы Сталиннің өтініші бойынша бұл идея қабылданбады.
1991 жылғы 19-21 тамыздағы оқиғалар кезінде(https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B2%D0%B3%D1%83%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%B2%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D0%BF%D1%83%D1%82%D1%87?wprov=sfti1), КСРО Вице-президенті Янаев КСРО Президентінің міндеттерін орындады. Себебі олар Горбачев денсаулығына байланысты елді басқара алмайтындығын алға тартты.
ТЖМК жеңілісінен және РСФСР Президенті Ельцин бастаған Ресей басшылығының жеңісінен кейін, 1991 жылдың тамыз айының соңында Горбачев атқарушы биліктің барлық тұтқаларын, әсіресе, экономиканы, радио мен теледидарды, үкіметтік байланысты бақылаудан шығарып алды. Нақты билік Ельцинге және РСФСР Жоғарғы Кеңесіне, сондай-ақ басқа одақтас республикалардың президенттері мен парламенттеріне өтті. КСРО-ның ыдырауына және Ресейдің отарлары болған елдердің тәуелсіздігін қалпына келтіруге әкелетін деструктивті процестер күрт жанданды.
Қыркүйекте КСРО Халық депутаттарының V съезі «өтпелі кезеңдегі КСР Одағының мемлекеттік билік және басқару органдары туралы» заң қабылданды, сол арқылы мемлекеттік қатынастардың жаңа жүйесін қалыптастыру, егеменді мемлекеттер одағы туралы шартты дайындау қолға алынды, кейін Горбачевтің ұсынысы бойынша съезд іс жүзінде өздігінен тарала бастады.
Сондай-ақ, КСРО Мемлекеттік Кеңесі үш Балтық республикаларының (Латвия, Литва және Эстония) Одағынан шығып кетті.
Қарашада он екі одақтас республиканың жетеуінің басшылары (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан) және КСРО президенті Михаил Горбачев ССК құру туралы келісім жасау ниеті туралы мәлімдеме жасады. Бірақ Беловеж оқиғасы орын алып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы идея қолға алынды.

Келісімге үш одақтас республиканың жоғары лауазымды тұлғалары мен Үкімет басшылары қол қойды: Беларусь Республикасынан Станислав Шушкевич пен Вячеслав Кебич, Ресей Федерациясынан Борис Ельцин мен Геннадий Бурбулис (РСФСР), Украинадан Леонид Кравчук және Витольд Фокин. Бір қызығы, біздің Тұңғыш Президентіміз бұл тарихи құжатқа қол қоюы керек еді. Бірақ олай болмады.  «Ұлт көшбасшысы» Шушкевич туралы естелігінде:
— …біз (Ельцин, Шушкевич, Кравчук) Беловежге баруға жиналған кезде, Назарбаев Мәскеуге ұшып кетті. Біз оның ұшағымен байланысқа шықтық, Борис Николаевич оны шақырып жатты: «Нұрсұлтан, кел, біз мұнда маңызды мәселелерді шешеміз», — деді. Біз Назарбаевтың “ Қазір барамын” деген даусын анық естідік.
Назарбаев Мәскеуге келген соң ұзақ ойланды. Егер ол Горбачевқа көмектессе, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы лауазымын иеленер еді. Сондықтан Назарбаев біздің кездесуге келмеді. Ол Беловеж келісіміне ешқашан қол қоймайтынын бірнеше рет айтқан.

Горбачев бастаған КСРО-ның орталық билігі республика басшыларының әрекеттеріне қарсы тұра алмады. Бірақ күтпеген жерден «Ұлт Көшбасшысы» Алматыда ТМД құру туралы келісімге Хаттамаға қол қоюды ұсынды(https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%BC%D0%B0-%D0%90%D1%82%D0%B8%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D0%B4%D0%B5%D0%BA%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F_(1991)?wprov=sfti1).
Алматы декларациясы немесе Алматы келісімі — ТМД мақсаттары мен принциптеріне негізделген декларация. Декларация Беловеж келісімін растайды, ТМД-ның құрылуымен КСРО өз жұмысын тоқтатты. Оған 1991 жылы 21 желтоқсанда президенттердің кездесуінде қол қойылды. Нәтижесінде ТМД-ға Беларусь, Ресей және Украинадан басқа тағы 8 Республика қосылды: Әзірбайжан (1993 жылғы 24 Қыркүйек), Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан. Ал Грузия ТМД-ға 1993 жылы желтоқсанда қосылды. Балтық жағалауы республикалары (Латвия, Литва және Эстония) Алматы декларациясына, сондай-ақ Беловеж келісіміне қол қоюдан бас тартты. 1992 жылдың көктемінде бұрынғы КСРО аумағынан барлық тактикалық ядролық оқ-дәрілер Ресейге экспортталды.

Тарих — өте қызықты дүние. Оны да зерттеу керек.

Автор: Батыржан Сейдомар