Жөндеу жұмыстарына 9,2 млрд теңге бөлінген 46 мектептің көбісі дайын емес

0

Оқу жылы жақындаған сайын Павлодар облысының білім саласында паника.

9,2 млрд теңге бөліп жөндетіп жатқан 46 мектептің көбісі дайын емес.

Құрылыс жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Соған қарамастан ертең алғашқы қоңырауда мектепте соғамыз деп отыр. Мектеп (бәлкім одан жоғары мекеме) басшылығы мұғалімдерді жұмысқа салып жатыр. Кейбір мектептер қосымша қара күш жалдап оған ата-аналардан ақша жинаған.

Мысалы, Павлодардағы №5 мектептің әр сыныбы 15 мың теңгеден жинаған. Типа, тазалаушы жалдаймыз депті. Ал, №9 мектептің ата-аналары 5 мың теңгеден қосуға мәжбүр болған.

Бұл ақпаратты айтқан ата-аналар аты жөндерін атамауды сұрады. Өйткені, ертең балалары қудалауға ұшырайды. Ертіс, Ақсу, Павлодар, Шарбақты, Успен аудандарында және облыс орталығында жөндеу жүріп жатқан мектептердегі жарты жылда бітпеген жұмысты жарты күннің ішінде аяқтайды, дегенге сену қиын. Қаншама ақша! Көп тендерді екі мердігер компания ұтып алған. Оның бірінің құрылтайшысы экс-әкім. Ал, көп жерде «шымкенттік» деп аталып жүрген компания басқарманың бұрынғы басшысынікі-мыс.

Айтпақшы, мына видеолар әріптесім түсірген Успен ауданы Белоусовка және Ольгина ауылдарындағы бүгінгі көрініс. Ал, ертең осында оқушылар сабақ оқиды дегенге сенер ме едіңіз?

Есенбек САНАТҰЛЫ