Қазақстанның бірнеше қаласын Ресейге беру керек деген ер адамға қарсы іс қозғалды
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті желі қолданушысының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады, — дейді Kznews.kz жаңалықтар порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Әлеуметтік желі қолданушысы Максим Яковенко қоғамда кең резонанс тудырған арандатушылық ақпараттан тұратын жазба жариялады. Ол өз жазбасында Қазақстанның бірнеше қаласын Ресейге беру керектігін жазады. Осы мәлімдемесімен ол ұлтаралық араздықты тудырды. Аталған факті бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғады» деп хабарлады БҚО полициясы.
Полиция департаменті әлеуметтік желілердің барлық қолданушыларын мұндай арандатушылық жазбаларға бой алдырмауға және жағдайды тұрақсыздандыруға ықпал етпеуге шақырады. Сондай-ақ мұндай арандатушылық мәлімдемелер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет екенін еске салады.
«Барлық азаматтар бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасты сақтауы керек, мұндай тұлпардың бір ғана мақсаты – қоғамымызда түсінбеушілік тудырып, жанжалдарға себепкер болу. Сондықтан абай болыңыз және арандатушылыққа бой алдырмаңыз» деп толықтырды тәртіп сақшылары.
(фото orda.kz сайтынан)