2%-тік ипотеканы беру биыл да жалғасады

0
13

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдан бастап 49,3 миллиард теңгеге 4955 қарыз берген.  2%-пен арзан ипотека биыл да беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биыл да азаматтардың кейбір санатына жылдық 2%-пен арзан ипотека береді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы жылы 49 миллиард теңге есебінен көпбалалы отбасыларға, толық емес жанұяларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2%-пен жеңілдетілген қарыз беруді жалғастырады. 5 мың азамат баспана жағдайын жақсартады», – деді Өскенбаев үкімет отырысында.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдан бастап 49,3 миллиард теңгеге 4955 қарыз берген.

Айта кетсек, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 15 миллион шаршы метр немесе 150 мың тұрғын үй салу жоспарланған.

Мемлекеттік инвестиция есебінен әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік 38 300 пәтер (2,2 миллион шаршы метр) сатып алынады және салынады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 12 600 отбасы арендалық баспанамен қамтылады



sputniknews.kz