Қазақстандық банктердің жаңа жұмыс кестесі жарияланды

0

Бұл туралы Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің бірлескен бұйрығында айтылған

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Зейнетақы, жәрдемақы төлеу және өзге де қызметтер көрсету мақсатында және жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторының филиалдарымен бөлімшелері жұмыс істейді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қазақстандық банктердің жаңа жұмыс кестесі жарияланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің бірлескен бұйрығында айтылған.

Құжатқа сәйкес, 2020 жылдың 6-12 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төтенше жағдай кезінде кірісті жоғалтуына байланысты зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек және әлеуметтік төлемдер алуға қажеттілігі бар жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін банк филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істейді.

«Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы және қызметі банкноттарды, монеталарды инкассациялаумен байланысты заңды тұлғалар экономика субъектілері мен халықты қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз қызметті жұмыс уақытында жүзеге асыруы қажет», -делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан қор биржасының және бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің жұмыс кестесі 9:00-ден 15:00-ге дейін болып белгіленді.

Банк бөлімшелері мен филиалдарының тізімі және олардың жұмыс кестесін мына жерден көре аласыз. 



sputniknews.kz