Home Жаңалықтар Грек-рим күресіндегі сәтсіздіктерден кейін бас бапкер кешірім сұрады

Грек-рим күресіндегі сәтсіздіктерден кейін бас бапкер кешірім сұрады

0
114

Бас бапкер кешірім сұрады. Грек-рим күресіндегі сәтсіздіктерден кейін ұлттық құраманы жаттықтыратын Бақтияр Байсейітов онлайн байланысқа шығып, жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, уақыт тығыздау болды. Ұлттық құраманың тізгінін 2 жыл бұрын, яғни, елордадағы әлем чемпионатының алдында ғана алды. Соның өзінде дүниежүзілік додадан жігіттер 1 күміс пен 2 қола еншіледі.

Одан кейін Азия чемпионаттарында да жақсы өнер көрсетті. Бірақ Олимпиадаға келгенде ешқайсысының жолы болмады. Лицензия жеңіп алған 3 палуан да алғашқы айналымнан әрі аса алмады.

Енді елге оралғаннан кейін барлығын сараптап, қателіктермен жұмыс жасаймыз дейді бас бапкер.

Бақтияр Байсейітов, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері:

– Дайындық барысы жақсы болды. Жігіттер салмақттарын реттеді, климатқа үйреністі. Бірақ жекпе-жек барысында тапсырманы дұрыс орындай алмады. Қарсыластың икеміне қарай белдеспеу керек. Міне, осындай жағдайлардан көрсеткішіміз нашар болды. Барлығын асықпай сараптау қажет. Осындай нәтиже үшін барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын.