Сәуле Әбілдаханқызы: «Ая Мантайдың қазасына байланысты полицияға жауап бердім»

0

Дүйсенбі күні (2 тамыз 2021) түс қайта Жетісай ІІБ шақыртуымен Аягүл Мантайдың қазасына байланысты тергеушінің сұрақтарына жауап беріп қайттым.

Фейсбукты өсек пен төбелес, бір-бірінің қанын ішу алаңына айналдырған сол баяғы бір топ бар. Олардың фб-ны маған қарсы соғыс алаңына айналдырғанына 3 жыл болды. Жан-жағымнан атылған сол жүз оққа бір оқпен жауап беруші едім.

Бұл ситуацияда марқұмның, тым болмаса, жетісі өтсін, тергеу аяқталсын деп, тісімді тісіме қойып әрең шыдап жүрмін…

Мен оны жақсы көрдім, туған сіңлімдей қарадым…

Көзімнен жас шықпай қалды…

Төрт күннен бері ұйқы да жоқ…

Щитовидка қалай қылқындыратынын білетін адамдар түсінеді…

Бұл істе әділдіктің орнауына ең әуелі өзім мүдделімін.

Алайда, әттең, шарасызбын.

Біріншіден, әруақты күңіренткім келмейді. Екіншіден, тергеу құпияларын сақтауға міндеттімін. Бар шындықты жайып салсам, марқұмның әруағына да, туыстарына да оңай соқпайды… әсіресе анасына… Сондықтан жүрек туралы айтқыш жүрексіздер, басымды кесіп алсаңдар да мен ол әңгімені айтпаймын. Өйткені әруақ сыйлаған адаммын.

Бір анығы — фб-да маған, Мәдиге, Абзалға шабуыл жасап отырғандар, Аягүлдің тірісінде не сөзімен, не ісімен қамқорлық көрсетпегендер. Бұны әуелі өздерің жақсы біліп отырсыңдар. Құдайдан үміттерің болса, бізден ақы алу үшін Аягүлдің әруағын қорламас едіңдер. Бар мақсаттарың — осы жағдайды пайдаланып мені, бізді тағы бір қауып қалу…

Сыртымыздан тон пішкен бәлеқорлар сөз қуып, өтірік пен өсек құрастыру арқылы мені, мен арқылы басқа адамдарды шалғысы кеп отыр.

Әзірге соларға айтарым:

  1. Әруақ сыйлаудан қалғандар жеке-жеке жауап беруге тұрмайды.
  2. Құдайдан, әруақтан қорықпағандар менен, тем более, қорықпайтынын білемін.
  3. Бәрібір бір Құдайдың алдында жауап береміз.

Шын алаңдап отырған ТІЛЕКШІЛЕРІМЕ айтарым:

  1. Кісі өлімі болған жерде факт бойынша іс қозғалады. Істі қозғаудың мақсаты — өлімде қылмыскер бар ма, жоқ па, бар болса — кім екенін анықтайды, қылмыскер жоқ болса, оны анықтайды. Бұл істе де дәл солай. Факт бойынша іс қозғалды.
  2. Бұл іс бойынша мені тергеуші куә ретінде шақырды. Болған мән-жайды сұрап, жауап алды. Тергеу құпияларын сақтауға міндеттеме алдым. Сондықтан тергеуге кедергі келтірген әр адам (іске қатысы бар адам да, жоқ адам да, яғни кез-келгеніңіз) жауапқа тартылатынын естеріңізде сақтаңыздар. Жалақорларға еріп, өсек жазудан, бәле, жала пост жазудан, комментарий жазудан сақтаныңыздар.
  3. Бұл істе де, Аягүл екеуміздің арамыздағы әңгімеге де Мәди Манатбектің де, Шыңғыс Мұқанның да бір түйір қатысы жоқ. Оларды әкеп бұл іске қыстыру — солардың орнына, қызметіне көзі түскен бәсекелестерінің, жеке жауларының ісі. (Олар осы ситуацияны пайдаланып, арнайы жазғыштарын жалдаған дегеннен басқа түсіндірме беру мүмкін емес).
  4. Мәди де, Шыңғыс та Аягүлді жұмысқа алмады емес, «тележоба жаса, газетке редактор бол» деп о бастан ұсыныс айтып, жұмысқа шақырған.

Өзім де оны Шымкентке бірнеше рет шақырғам. Бағдарламаға редактор болуға, сценарист болуға шақырдым. Күні кешеге дейін сөйтіп жүрдім. «Апай, мен интровертпін….» деп келмеді. Кейін жалынғандай тағы ұсыныс айттым. Ол болса роман жазуым керек деп, екінші рет бас тартты. Амал жоқ, фейсбукке «редактор іздеймін» деп пост жазғам….

  1. Фб-дағы жазғыштардың қайдағы скрин туралы айтып жүргендерін мен білмеймін. Арамызда ешқандай скрин болған емес. Ешкім ешкімге скрин тасыған емес. Өсек пен өтіріктеріне өздері сеніп қалғаны сондай, жоқ нәрсені, болмаған нәрсені өршітіп, отқа май құйып отыр. Олардың сөздерінің бәрі өтірік. Бір сөзіне сенбеулеріңізді, арандап қалмауларыңызды сұраймын.

Бұл істе Мәди — ең таза адам. Ол маған да, Аягүлге де шын жанашыр бола білген, бізді қатар қолдаған АДАЛ АЗАМАТ!!! Сабыр сақтаған Мәдидей-ақ болсын. Әйтпесе оның орнында кез-келген адам сотқа берер еді.

Мәди мені депрессиядан шығарды. Оны кейін бөлек жазамын…. Мәди мені де, Аягүлді де қазақтың қызы ғой деп, әпке-қарындас деп тең қарады. Мәди Аягүлді бұрын танымаған, екеуінің танысуына себепкер болған мен едім, «Аяш білімді қыз» деп, жұмыссыз жүргенін айтып. Мәди онымен соңғы айларда ғана танысқан, өмірде бар болғаны екі-үш-ақ рет көрген, онда да жұмыс бабымен. Ағасындай қамқор болды…. моральдық та, материалдық та тұрғыда қолдау көрсеткеніне өзім куәмін. Мәдидің ағалық, азаматтық шынайы, риясыз пейілін «оның сезімімен ойнады» деп былғаудың тіпті керегі жоқ. Бұл мүлде шындыққа жанаспайды! Мәдидікі тек ағалық қамқорлық еді.

  1. Депрессиядан адамды жұмыс қана құтқарады….
  2. Тергеу аяқталғанша сабыр сақтаңыздар. Бұл істі Жетісай ІІБ ғана емес, бүкіл ІІМ, бүкіл орган, бүкіл қоғам бақылап отыр. Қылмыскерді табуға қабілетті небір чекистер жүрген шығар деп ойлаймын. Мынадай дамыған технология заманында ол чекистер қорқаулардың өсегіне де, болжамына да, балгерлердің балына да зәру емес. Олардың қолында барлық факті, Аягүлдің телефоны, ноутбугы бар деп ойлаймын. Аягүл соңғы кездері кіммен сөйлесті, не айтылды, кіммен қандай қарым-қатынаста болды — солардың бәрін тергеуге шақырады деп ойлаймын.

Мен тергеуге куә ретінде қатыстым. Өзімнің ақ екенімді, өзім және менің ең жақын адамдарым, Аягүлдің ең жақын адамдары біледі. Енді оның онсыз да қалт-құлт етіп отырған 70-тен асқан кәрі анасын күйретейін демесеңдер, тынышталыңдар…

3 тамыз 2021 ж. Сағат 05.19

Сәуле Әбілдаханқызы, Facebook парақшасынан