14 жастағы қазақстандық қыз Азияның бірінші ракеткасы атанды

0

Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

14 жастағы Альбина Кәкенова Сары құрлық рейтингінде көш бастады. Қазақстандық спортшының еншісінде 2722 ұпай бар.

Азияның ең мықты ондығында Ева Корышева — үшінші орын, Ариана Гогулина — алтыншы, Сатима Төреген — жетінші және Яна Штода оныншы орындарға жайғасты.

Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің алғашқы ондығына Қазақстанның бес өкілі енді.