Иранда Аятолла туралы мадақ жыр орындамаған оқушы қыз ауыр соққыдан қайтыс болды

0
53

Британдық Guardian басылымының жазуынша, 16 жастағы оқушы қыз Аятолла туралы мадақ жыр айтудан бас тартқаны үшін аяуыз соққыға жығылған, деп хабарлады Caravan.kz.

 «Тағы бір оқушы қызды Иранның құқық қорғау органдары өлтірді» деп жазды басылым. Болжам бойынша, қыз солтүстік-батыстағы Ардебиль қаласындағы мектеп маңындағы рейд кезінде «аяусыз соққыға жығылған». Тәртіп сақшылары оқушыларды сыртқа шығарып, билікті қолдап әлдебір «ұран» айтуды талап еткен. Бас тартқан оларға күш қолданылды, он оқушы қыз ауруханаға түсіп, ақыры зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.

Ақпарат көзі ретінде «Иран мұғалімдері кәсіподақтарының үйлестіру кеңесі» деп аталатын ирандық үкіметтік емес ұйым аталды. Бірақ бұл туралы ұйым тарапынан ешқандай растау болған жоқ. Ал билік бұл айыптауларды жоққа шығаруда. The Guardian басылымының хабарлауынша, Иранның мемлекеттік арналары өзін марқұмның ағасы деп таныстырған адамның сұхбатын жариялап, Асраның жүрек ауруынан қайтыс болғанын, қауіпсіздік күштерінің бұған еш қатысы жоқ екенін айтқан.

Қалай болғанда да, газеттің жазуынша, бұл оқиға Иранда демонстрациялар мен тәртіпсіздіктердің жаңа толқынын тудырды.

Еске салсақ, Ирандағы наразылық 22 жастағы студент Махса Аминидің өлімінен кейін басталды. Полиция оны көшеде хиджабты дұрыс тақпағаны үшін ұстаған. 16 қыркүйекте Амини ауруханада ауыр соққы салдарынан қайтыс болған. Иран әйелдері наразылық ретінде шашын қырқып, хиджабтарын өртей бастады.