Үштөбеде жол жөндеушілер теміржол рельсі үстінен асфальт төсеп тастаған

0

Желіде Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы теміржол рельстерінің үстінен асфальт төселгені туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері оқиға болған жерге барып, бұзушылық дерегін анықтады.

«Жөндеу жұмыстары кезінде теміржол рельстері жабылғаны белгілі болды. Аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген және бұзушылыққа жол берген жол ұйымы жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде теміржол өтпелері қалпына келтірілді», — делінген хабарламада.