14 сәуірде қандай шаралар болады

0

Sputnik Қазақстан 14 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 15-16 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

14 сәуірге жоспарланған шаралар

09.00 — Үкімет отырысы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында республикалық бюджеттің орындалуы талқыланады (Трансляция primeminister.kz сайтында онлайн-режимде және үкіметтің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы көрсетіледі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 54 91).

17.00 – Белгібаевамен «Шығармашылық карантин». «Пилатес» – «Переменка»

15 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Шопениана», «Шехерезада» күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

16 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Абай» операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz