13 жастағы оқушы TikTok үшін суицид жасаған сәтін видеоға түсірді

0

Алматы облысында 13 жастағы жасөспірім қыз өзін өлтірмек болған сәтін видеоға түсірді. Ол мұндай қадамға әлеуметтік желіде елдің назарын аудару үшін барған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жасөспірім Іле ауданындағы ауыл мектептерінің бірінде оқиды. 18 сәуір күні ол полицияға хабарласып, көпқабатты ғимараттың шатырынан секіріп, өзіне қол жұмсайтынын хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен учаскелік полицей қызды райынан қайтарды. Кейін қыз шын мәнінде суицид жасау ойында болмағанын, мұны тек ұялы телефонға түсіріп, желіге жариялау үшін жасағанын айтты. Яғни, қыз өзінің әрекеті мен полицейлермен болған әңгімені видеоға түсірмек болған.

Оқушы сабаққа кешіккен соң, бос уақытын осылай өткізбек болыпты.

«Жасөспірім берекелі жанұядан шыққан. Мектеп әкімшілігі қызға тек оңды баға береді. Өзінің біртүрлі қылығын қыз TikTok қолданушыларының назарын аударғысы келгенімен түсіндірді», — деп хабарланды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

(Фото ашық ақпарат көздерінен)