Домой Жаңалықтар «Өзін-өзі» тану пәні мектеп бағдарламасынан алынбайды

«Өзін-өзі» тану пәні мектеп бағдарламасынан алынбайды

0
30

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бірнеше жыл бойы мектептерде негізгі пән ретінде оқытылған «Өзін- өзі тану» пәнін қосымша пәндердің қатарына жатқызуға шешім қабылдады.

«Өзін-өзі тану пәні бұған дейін аптасына бір рет негізгі пән ретінде оқытылып келді. Біз биыл талдау комиссиясымен шешім қабылдадық. Келесі оқу жылынан бастап осы пән тек бір сыныпта оқушылардың таңдауымен оқытылады. Мысалы, бір сыныпта оқитын оқушылар осы пәнді осы жылы оқимыз деп таңдап оқитын болады. Ал егер таңдамаса, міндетті пән ретінде мүлде оқытылмайды» деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министр бұл шешімнің ешқандай саяси астары жоқ екенін алға тартты. Ол университеттерде әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану деген мамандығы болғанын еске салды.

«Енді диплом алған жастар әлеуметтік педагог ретінде жұмыс істейді. Ал мектептерде бұл пәннен көбіне басқа пән мұғалімдері қосымша сабақ беріп жүрген. Ал жоғары оқу орындарында осы мамандықта оқып жатқан студенттер болса  екінші курстан кейін басқа мамандыққа ауыса алады» — деді министр