Серік Абас-шах: Концерт шарасын жарнамалайтын плакатта «Z» белгісі салынған

0
94

Тележурналист, продюссер Серік Дәулетұлы Абас-шах әлеуметтік желіде көшелердің бірінде ілінген концерттік шараның жарнамасын жариялады. Ол плакатта  «Z» белгісі салынған.

» Z-концерттер өткізіп жатқан сиқымыз мынау. Бұл нені білдіреді, көрші елдің басқыншылық әрекетән ашық түрде қолдау ма, әлде «сен тимесең, мен тимелемеген» үрейдің әсерімен «балақтағыларды» басқа шығару ма?

ZET деген Энергетикалық сусын деп ақталуға болады, әрине. Бірақ солтүстік көршіміздің кесірінен үлкен соғыс жүріп жатқан кезде, ресейдің басқыншылық символына айналған Z белгісімен концерттік шараны жарнамалау — қантөгісті насихаттаумен қатар қабылданады деп ойлаймын», — деді автор.