10 миллион көлемінде пара алған Сәтбаев әкімі 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

0

10 млн теңге көлемінде пара алған Сәтпаев әкімі Шапағат Әубәкір айыппұлмен құтылды, — деп хабарлайды Сәтбаев қалалық сотының баспасөз қызметі.

«Сот үкімімен Ш.Әубәкір ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі (Пара алу) бойынша кінәлі деп танылды және оған үш жыл алты ай бас бостандығынан айыру, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. «М.» ҚР ҚК 367-бабының 2-бөлігі (Пара беру) бойынша кінәлі деп танылды және оған пара сомасының 20 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, яғни Т200 млн. Бөлінген бюджет қаражатын қаржыландыру жоспарының және нысаналы пайдаланудың негізділігін тексеру және оларды үнемді пайдалану жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін Сәтбаев әкімдігінің атына жеке қаулы шығарылды», — делінген хабарламада.

Сот 2024 жылғы ақпанда Әубәкірдің қала әкімі бола тұра, Мемлекеттік сатып алу шартының сомасын ұлғайтуға және оны ұзартуға жәрдемдескені үшін Сәтбаев жолдарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер М.-дан 10 млн сомасында пара алғанын анықтады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: ашықдереккөз