Колонияда тұтқын өзін министрмін деп таныстырып ақша бопсалаған

0

Қырғызстанның түзек колониясында жазасын өтеп жатқан 1987 жылы туған Санжар Салибаев өзін Санжар Муканбетов (экономика министрі) деп таныстырған.

Ол сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиевтің жақын туысымен деп, өзге тұтқындардан рақымшылық бойынша бостандыққа шығарып беремін деп ақша бопсалаған.

Салибаев «Алаяқтық», «Жалған құжат әзірлеу» және «Қашу» баптары бойынша сотталған.

Биыл мамыр айында Қырғызстанда Жеңістің 75 жылдығына орай және Сәуір оқиғасына 10 жыл толуына орай рақымшылық заңы қабылданған. Оған сәйкес 3 мың сотталушы бостандыққа шығады.