WBC жыл қорытындысын жариялады

0
170

Бүкіләлемдік боксшылар кеңесі (WBC) «Instagram» желісінде 2018 жылдың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жыл қорытындысында түрлі номинация бойынша жеңімпаздардың есімдері аталды.

Аталған тұжырымның нұсқасы бойынша, «Жылдың үздік боксшысы» атағы бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Александр Усикке (Украина) бұйырды. Ал «Жыл жекпе-жегі» номинациясын Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдердің айқасы жеңіп алды.

Отандасымыз Геннадий Головкин де құр алақан қалған жоқ. Оның мексикалық Сауль Альвареспен өткізген екінші жекпе-жегі 2018 жылдың «Жыл турнирі» атанды.

WBC тұжырымы бойынша жыл үздіктері:

Жыл боксшысы – Александр Усик;
Жыл жаттықтырушысы – Эдди Рейносо;
Жыл жекпе-жегі – Деонтей Уайлдер — Тайсон Фьюри; 
Audience Award – Саул Альварес;
Жыл проспектісі – Тони Йока; 
Жыл нокауты – Александр Усик — Тони Беллью; 
Жыл оралуы – Тайсон Фьюри; 
Жыл раунды – Срисакет Сор Рунгвисаи — Хуан Франсиско Эстрада (12-ші раунд); 
Жылдың ашылуы – Александр Гвоздик;
Жыл турнирі – Геннадий Головкин – Сауль Альварес; 
Гуманитарлық сыйлық – Майки Гарсия;
Жылдың ең тартысты жекпе-жегі – Адонис Стивенсон – Баду Джек.



prosports.kz