«Шахтер» беларусьтік клубтан жеңіліп қалды

Антальядағы жиынның соңғы матчында қарағандылықтар беларусьтік командадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кеншілердің» қарсыласы жодинолық «Торпедо-БелАЗ» болған. Матч 1:2 есебімен аяқталды. «Шахтер» сапынан жалғыз голды Иван Пешич соқты.
«Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – «Торпедо-БелАЗ» (Жодино, Беларусь) 1:2 (0:0)
Дереккөз: prosports.kz/kz