Ресей министрлігі Қазақстанның теңгеден орыс тілін алып тастауына қатысты пікір білдірді

0

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бұл елдің ішкі мәселесі екенін алға тартты

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеден орыс тіліндегі жазбаның алынып тасталуы мемлекеттің ішкі мәселесі болып табылады. Ресейдің сыртқы істер министрлігі ақпарат және баспа департаментінің директоры Мария Захарова осындай пікір білдірді.

«Бұл елдің ішкі мәселесі деп есептейміз. Екінші жағынан, орыс тілі ана тілі болып табылатын Қазақстан тұрғындарының құқығы бойынша қазақстандық әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз», – деді Захарова брифингте.

Оның айтуынша, ресейлік тарап Қазақстан басшылығының орыс тілін сақтау үшін қандай күш салып жатқанын көріп отыр, деп хабарлайды tass.ru.

«Бұл бос сөз емес, оның артында нақты қадамдар мен істер тұр», – деді РФ СІМ ресми өкілі.

«Дегенмен, бұл мәселе біздің жіті назарымызда. Өйткені РФ Сыртқы істер министрлігінің тек Қазақстанда ғана емес, орыс тілін ана тілім деп жүрген адамдар өмір сүретін кеңістіктегі мақсат-міндеттерінің бірі осы», – деді ол.

Айта кетсек, Қазақстан президентінің жарлығымен енді теңгеде жазба мәтіні тек мемлекеттік тілде болады. Өзгерістер 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген.

Жарлыққа сәйкес, банкноттар мен монеталар дизайнында пайдаланылатын жазба мәтіні мемлекеттік тілде рәсімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазуға рұқсат етіледі.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз