Назарбаев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мемлекет басшысы өткен аптада Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберген еді

АCТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжілістің қарауына үкімет басшысы лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Айта кетсек, 21 ақпан күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың оныншы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберді. Сағынтаев үкіметтің тізгінін екі жарым жыл ұстады. 

Конституцияның 44-бабына сәйкес, президент мәжілістің қарауына ҚР премьер-министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс депутаттары Маминнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.
Естеріңізге салайық, мемлекет басшысы 21 ақпан күні республиканың оныншы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберді. Президенттің айтуынша, үкімет пен Ұлттық банк ел экономикасын сапалы дамытуға серпін беретін нақты құралдарды толыққанды жасап шығара алмаған. Атап айтсақ, тұрғындардың нақты табысы өспеді, отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған.
Үкіметтің отставкасынан кейін премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Асқар Маминге жүктелді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз