Садриддин Ахмедов пен Абрахам Хуарес көз арбасты

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов 27 қаңтарда Канаданың Монреал қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Садриддин Ахмедов 20 жасар мексикалық Абрахам Хуареспен жұдырықтасады.
Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
Боксшылар жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады.
Жекпе-жекті 27 қаңтарда таңғы сағат 08:00-де Qazsport телеарнасынан көре аласыздар.