Сабақ жоспары «АЛИЯ»

0
167









Сабақ жоспары «АЛИЯ»

Автор: Айтишева Гульнар Газизовна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-25


Материал туралы қысқаша түсінік

1.Шығыстың қос шынары Әлия туралы түсінік беру.
С. Жиенбаевтың шығармасымен танысу .
2.Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, оқу дағдыларын жетілдіру, танымдық қабілетін дамыту.
3. Патриоттық тәрбие беру:
4.Ұлы Отан Соғысының ардагерлерлерін құрметтеуге, батырлыққа, ерлікке тәрбиелеу.




«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ2- ші (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғаліміАйтишева Гулнар Газизовна

Сабақтың тақырыбы:Саги Жиенбаев «Әлия» өлеңі
Сабақтың мақсаты:1.Шығыстың қос шынары Әлия туралы түсінік беру. С. Жиенбаевтың шығармасымен танысу .2.Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, оқу дағдыларын жетілдіру, танымдық қабілетін дамыту. 3. Патриоттық тәрбие беру: 4.Ұлы Отан Соғысының ардагерлерлерін құрметтеуге, батырлыққа, ерлікке тәрбиелеу.
Қолданылатын әдістерЗерттеушілік, ізденіс, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Қолданылатын стратегиялар мен технология сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
Ресурстар Бейнефильмдер: «Жеңіскер Қазақстан:Әлия Молдағұлова» «Әлия», бейнебаян «Әлия» әні, слайдтар, смайликтер, бағалау парағы, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
1,Ұйымдастыру (1 мин)Қызығушылығын ояту кезеңі

  • Топқа бөліну
  • Топ ережелерін қайталау.
  • Психолгиялық тренинг. Ойға толы санамыз, бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, тату болсын арамыз.

    Сабаққа әзірлік

    1.Білу деңгейі (1-3 мин.)
  • Балалар, өткен сабақта біз кім туралы білдік?
  • Өткен тақырып біз үшін несімен маңызды?
  • Ұлы Отан соғысына қатысқан тағы қандай батыр қыздарымызды білесіздер?
  • Экранға назар аудару

    Естеріне түсіреді, әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді.
    2. Түсіну деңгейі. (10 мин) Жаңа сабақ.-Мағынаны тану кезеңі1. Бейнефильмде қазақтың батыр қыздары жайлы айтылды. бірі-Мәншүк, екіншісі-кім жайлы? Бұл бейнефильмды не үшін тамашаладық?Ендеше бүгін кім жайлы сабақта әңгіме қозғаймыз деп ойлайсыңдар?2. Әлия. өлеңінің мағынасын ашу.3. Сөздік жұмысын жүргізу.-Мәрмәр,даңқ, балғын қыз,балауса гүл, жанын қиып. 4.Өлеңдерді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке.

    Жауап береді (Әлия)

    Оқулықтан оқып береді

  • Бір оқушы жатқа мәнерлеп оқып береді
  • Формативті бағалау

    3.Талдау ( 5-7 мин)-1- ші топ . -Өлең жолдарына сүйеніп Әлияні сипаттау.2- ші топ.-Әлияға бұл ескерткіш не үшін орнатылған?3- ші топ. Осы өлең жолдарымен автор не айтқысы келді?1. Өлеңнің бірінші шумағында не туралы айтылған? 2.Жанып түскен ақ жұлдыз дегенді қалай түсінесіңдер?

    3.Роза Рымбаеваның орындауындағы «Әлия» әні- бейнебаян (3 мин)4. Сергіту сәті.

    Сұрақтарға жауап береді.

    Әр топ өз тапсырмасын оқып орындайды, қорғайды. Тыңдайды, бейнероликті тамашалайды

    4.Қолдану (10 мин)
  • Әр топ шашылып қалған мақал-мәтелді жинақтайды, мағынасын түсіндіреді.
  • 1-ші топқа: А. еліңді,сүйсең,істейсің,ерлікБ.қолы, мерген, да, мергеннің, көзі, мерген, де.2- ші топқа: А.- ер, болар ,елін, сүйген.Б.мың, рет, ер, өледі, қорқақ, бір, өледі.3- ші топқа: А.- қоянды, өлтіреді, қамыс, ерді, өлтіреді, намысБ. батырды, сына, жауда, шешенді, сына, дауда.

    Мақал- мәтелдер:Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.Мергеннің қолы да мерген, көзі де мерген.

    Елін сүйген ер болар.Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.Қоянды қамыс өлтіреді, батырды намыс өлтіреді.

    5. Жүйелеу, жинақтау, қорытындылау ( 3-5 мин) Рефлексия.Әр топқа келесі тапсырма:Әр топқа тапсырма: Әлия сөзіне 5 жол өлең шығару.Кері байланыс ұсынуШығарған өлеңдерін оқиды.Оларды бағалау.Көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді.
    6. Критериалдық бағалау. (Бағалау парағындағы ұпай саны бойынша)Үй тапсырмасы (2мин)Бағалау парағын жинау.

    214 бет. Өлеңді жаттау. Эссе жазып келу.

    Күнделікке жазады.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.