«Қайраттан» кететін Аршавин командалас «жұлдыздарынан» асып түсіпті

0

Алматылық «Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин алаңдағы нәтижелі ойын жағынан көптеген командаластарынан асып түсті. Ол жергілікті футболшылардан, да легионерлерден де басым болып тұр, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, 37 жастағы ресейлік нәтижелі пастар бойынша алда тұр — 15. Мәселен, алматылықтардың капитаны Бауыржан Исламханда мұндай пастар бесеу ғана, ал Барбозада — 10.

Сонымен қатар, Аршавин өз позициясы үшін голдар санымен де көзге түсті — 9. Исламхан тек үш гол салды, ең жақсы көрсеткіш Исаэльде — 12.

Премьер-лигианың үздік бомбардирлері тізімінде екенші тұрған Адеринсола Эсеола «Қайрат» үшін тоғыз және «Ақжайық» үшін сегіз гол салған.

Чемпионатта ресейліктен кем түспеген тек Марин Томасов, нәтижелі пастар саны 15. Сонымен бірге, хорватиялық легионер 11 гол салған. Алайда «Шахтермен» ойында Аршавин бұл көрсеткішке жетіп алуы мүмкін.

Айта кетейік, премьер-лиганың шешуші 33-ші туры 11 қарашада өтеді. Бұл күні «Астана» — «Ертіс», «Қайрат» — «Шахтер», «Тобыл» — «Қызыл-Жар СК», «Ордабасы» — «Атырау», «Ақтөбе» — «Қайсар», «Жетісу» — «Ақжайық» матчтері өтеді. Клубтардың турнирлік кестесімен мына жерде таныса аласыз.