Оскар де ла Хойя: Келіссөзді бастадық

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің үшінші жекпе-жегін ұйымдастыруға кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Үшінші матч туралы келіссөзді бастадық. Жекпе-жек мамырдың 4 күні, «Синко дель Майо» мерекесіне орай өтуі мүмкін. Альварес кез келген боксшымен «шығуға» дайын», — деді Де ла Хойя ESPN-ге сұхбат бергенде.