Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды — Ел жаңалықтары

0

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Ақмола облысында 14 қаңтарда кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, оңтүстіктен соққан желдің күші түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Астанада таңертең және күндіз 14 қаңтарда оңтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с болады. 

13 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Орал қаласында 13 қаңтарда  жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

14 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. Ал Қостанай қаласында 14 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с болады деп болжанған.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz