Елеусінов қарсыласын 10 секундта нокаутқа жіберді

0
106

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов Мексиканың Тихуан қаласында жекпе-жек өткізді, деп жазады prosports.kz.

Олимпиада чемпионы Данияр Елусіновтің ағасы Дәурен кезекті кездесуін 36 жастағы жергілікті боксшы Карлос Урреамен өткізді.

8 раундқа есептелген жекпе-жек бар болғаны он секундта аяқталды. Елеусінов қарсыласын бұйым құрлы көрмей, нокаутқа жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, Дәурен 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап кәсіби аренада өнер көрсетіп жүр. 2016 жылдан 2018 жылға дейінгі екі жылдық үзілістен кейін Елеусінов өткен жылдың мамыр айында шаршы алаңға қайта оралды.



Дереккөз: prosports.kz/kz