7 млрд тенге. «Ордабасыны» қырғын ақша күтіп тұр

0

2019 жылғы бюджет бекітілгеннен кейін шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының ең бай клубтары қатарына енуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы уақытта «Ордабасы» бюджеті «Астана», «Қайрат» және «Тобол» клубтарының бюджетімен тең түсуі мүмкін.

Күтіліп отырған қаржы — 7 миллиард тенге. Өткен жылдары шымкенттік клуб шығыны 2,5-3,2 млрд теңгені құрайтынын ескерсек, бұл айтарлықтай сомма.

Естеріңізге сала кетейік, маусым арасында «Ордабасы» президентінің көмекшісі қызметіне «Астананың» бұрынғы президенті Саян Хамитжанов келген болатын. Қысқы трансферлік кезеңнің алғашқы айында «Ордабасы» Дмитрий Непогодов, Алексей Щеткин мен Марат Быстровпен келісімшартқа отырып үлгерді.

Сонымен қатар, «Ордабасы» басшылығы ойыншылары мен бапкерлеріне жарты жылдан бері ала алмаған түгелдей қайтарып берді.



prosports.kz