Шымкентте аула чемпионаты өтті

0
66

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, Тоғыс тұрғын алабында «Аула чемпионаты» ұйымдастырылды.

Игі бастама елді мекен жастарын бұқаралық қол жетімді спорт түрлерімен айналысуға шақыра отырып, салауатты өмір салтын насихаттап, отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Чемпионатта елді мекеннің 200-ге жуық 4 жастағы балақайдан 17 жасқа дейінгі жасөспірім қатысты.

Ойын алаңшада өткен жарыста қатысушар асық ату, кермеге тартылу, қақпаға топ тебу, баскетбол торына доп салу және секірмек түрлері бойынша сайысқа түсті.

Жеңімпаздарға диплом мен медальдар табысталды.

Қалалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы осындай аула жарыстарын өзге де аудандарда ұйымдастыратынын жоспарлап отыр.