«Қауіпсіз жерлерді паналап жүрміз»: Қазақстандық рэп орындаушысы Jah Khalib Киевте қалып қойған

0

Қазақстандық танымал әнші, рэп орындаушысы Jah Khalib қазіргі уақытта Украина астанасы Киев қаласында жүр. Өнер иесі оқиға орнынан жазба жариялап, қалың көпшілікке өзінің дін аман екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Jah Khalib өзі үшін алаңдаған жанкүйерлерімен байланысқа шығып, Stories бөлімінде қазіргі күйін жеткізді. Әнші бүгінде қауіпсіз жерлерді паналап жүргенін айтты. Өнер иесі украиналықтарға қолдауын білдіріп, оларды мақтан тұтатынын айтты. «Біз оқиға орнындамыз. Киевтеміз. Қауіпсіз жерлерді паналап жүрміз. Аман-саумыз, үрейленіп отырған жоқпыз. Ешқайда шықпаймыз. Украиналықтар, мен енді сіздерді тек жақсы көріп қоймай, тамсанамын», — деп жазды әртіс.