«Жұмақтың құшағында»: Жазира Байырбекованың анасының қойнында жатқан суретті жұрттың жүрегін елжіретті
Әнші Жазира Байырбекованың анасымен түскен суретті желі қолданушыларына ұнап қалды. Олар қызы мен анасының махаббатына ерекше тәнті болғанын жазып жатыр, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
«Мамам Алматыға келсе “Шолпанымды сағындым, Шолпансыз ешқайда барғым келмейді” деп қайтуға асығады. Мұндай сабырлы, мейірімді келін әрбір ата-ененің бағы. Анамның жанында осындай алтын жеңгемнің болғаны үшін Аллаға шүкір! Ата-аналарыңызбен бірге тату-тәтті тұратын, шәйін құйып беретін келіндер мен жеңгелерден айналып кетесің», — деп жазды Жазира Байырбекова.
Желідегілер анасы мен қызының ғана емес, енесі мен келіннің де жылы қарым-қатынасына қайран қалғанын жасырмады.
«Қаншаға келсең де анаң үшін бала болып қала бересің деген осы. Осындай еркелейтін балаларымыз аман болсын», «Бәрінен бұрын келінге сүйсініп отырмын», «Мынадай тамаша келіннен қалай ғана айналмайсың», «Сондай тәтті сурет», «Жұмақтың құшағында» деген осы шығар» деп жазды желідегілер.