Жас келіншек туған сәбиін 77 мыңға сатып жатқан жерінен ұсталды

0
972
Advertisement

Наманган облысы Чартак ауданында 21 жастағы келіншекке қарсы алты айлық сәбиін 1,9 млн сумға (77 135,4) сатпақ болды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Өзбекстан ІІМ мәліметінше, 23 қазанда арнайы операция кезінде 51 жастағы Чартак тұрғынына сәбиін 1,9 миллион сумға сатып жатқан жерінен 21 жастағы келіншек ұсталған. Бойжеткен тұрмыста болмаған. Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам саудасы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Биыл Өзбекстанда осындай бірнеше жағдай орын алды. 9 қарашада Сырдария облысында И.С. есімді келіншек дүниеге келген сәбиін 20 мың долларға сатпақ болған.

15 қазанда 28 жастағы Пулат Чориев екі жасар ұлын 5000 долларға сатып жатқан жерінен ұсталды. 1 қыркүйекте Ферғанада 24 жастағы келіншек бір жастағы ұлын 1500 долларға сатпақ болған.

Шілде айының соңында Ташкентте үш айлық ұлын 5000 долларға сатпақ болған 21 жастағы келіншек ұсталған.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз