ХҚО қызметкерлері енді құжаттарды үйге жеткізіп береді

0

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қазақстандықтарға құжаттарын үйде жеткізеді.

Енді Egov пайдаланушысы болу үшін смартфонды алдыңызға қойып, өз келбетіңізді көрсету жеткілікті.

Қазір мұндай механизм сыналып жатыр. Ай соңына дейін іске асыру жоспарланған. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Министрдің айтуынша, қазақстандықтар Egov-қа тіркелу үшін ЭЦҚ орнатуда қиналады. Сол үшін министрлік адам келбетін сканерлеп, электронды үкіметке тіркелу тетігін әзірлеп жатыр.

Сондай-ақ Бағдат Мусин болашақта ХҚКО қызметкерлері құжаттарды үйге жеткізіп беруі мүмкін екенін айтты. Тіпті енді ХҚКО-да ұзақ отырмау үшін жеке операторды офиске шақыруға да болады.