«Өмірлік ұстанымы бойынша». Әкесі Димашты саясатқа араластырмауды сұрады

0

Әншінің әкесі Қанат Айтбаев ұлының суретін саяси науқан үшін пайдаланбауды өтінді. Бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге «үндеу жасап» жүрген суреттері таратылып жүр екен. Халықаралық келісім-шарттарымызға сәйкес және өмірлік ұстанымы бойынша ол ешқандай саяси науқанға қатыспайды. Танымал тұлғаның суреті мен есімін заңсыз қолдануға болмайды!» — деп жазды Қанат Айтбаев.

Желі қолданушылары бір ауыздан Димаштың әкесінің сөзін қолдады.