«Қызылжар, Кереку деп облыстардың қазақы атауын қайтаратын уақыт келді»

0
1188
Мұхтар Тайжан. Фото: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан облыстарға қазақы атауларын қайтару керектігі туралы айтты. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Сөзден іске көшетін уақыт:

1. Қорғаныс министрі мен Бас штабтың бастығына елдің солтүстік шекараларын әскери тұрғыдан нығайту туралы бұйрық беру керек.

2. Қазақстанда мемлекеттік емес әскери құрылымдарға, әсіресе казактарға тыйым салынсын. Мемлекеттік емес погондарды, лампастарды, суық қаруды – қылыштарды, корттарды және т.б. ашық алып жүруге тыйым салынсын.

3. Түркістан, Сарыарқа, Жетісу, Ертіс, Қызылжар, Кереку, Алтай, Сыр елі сияқты облыстардың қазақша атауларын қайтару қажет.

4. Әсіресе ТВ мен радиодан қауіпсіздік пен саясатты сыртқы идеологиядан сақтандыруды нығайту қажет», — деп жазды автор.