Актриса: Күйеуім ресми некеге тұрғанды қаламады, оның себебін сол күйі түсінбедім
Айжұлдыз Адайбекова енесімен, бұрынғы жолдасымен ара қатынасы жайлы айтты. Ажырасуының себебі айта келе, оқырмандарының сан сауалына жауап бере кетті.
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова тұрмысқа шықты. Алайда қуаныш ұзағынан болмай, екі жас екі жаққа кетті. Мұны Айжұлдыз өзі келін мен ене арасындаы кикілжің деп кесіп айтты. Алайда көпшілік нақты себебін түсінбей дал болды.
«Енем менің өнер адамы екенімді о бастан білді. Егер сен біздің отбасыға сай келмейсің десе, түсінер едім. Мен соншалықты ақымақ адам емеспін. Жолдасым екеуміз ресми түрде некелесіп те үлгермедік. Ол өзі қаламады. Неге олай еткенін сол күйі түсінбей кеттім», — деді Адайбекова.
Актрисадан оқырманның бірі «Тұрмысқа шықпас бұрын енеңіздің қандай адам екенін білмедіңіз бе, таныспадыңыз ба?» деп сұрады.
«Енемнің бетпердесі жақсы болған ғой. Алдын ала қандай екенін білмедім», — деді актриса Instagram желісінде.
«Бәрі жақсы болады, әлі жассың», «Ененің келінді, келіннің енені түсінбегені дұрыс болмапты, оның жолы кету емес», «Ұлы анасын тыңдады ма? Сіз дұрыс келін болдыңыз ба?», «Өнер адамы деген қалай, келін болмау деген сөз бе?», «Әдемісіз, ұлыңыздың қызығын көріңіз», «Кей адамдар келінді шынында құл көреді», — деді желідегілер.
Жақын күндері Айжұлдыз ана атанды. Актриса ұл баланы өмірге әкелді.