Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Тоқалға тіл тигізбегені - тектілік”: Гүлназ Әлімгерей Мөлдір Мұқанова туралы

“Тоқалға тіл тигізбегені - тектілік”: Гүлназ Әлімгерей Мөлдір Мұқанова туралы

Танымал тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей жақында қоғам талқысынан түспей жүрген Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов арасындағы жағдайға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол ең алдымен Мөлдір Мұқанованың тектілігі мен сабырлы мінезін ерекше атап өтті.

“Ағаңның абыройын дастарқанмен жинадым” деп, бір жақсы көретін жеңгем айтып еді. Тұрсынбек пен Мөлдірдің шаңырағында талай мәрте қонақ болдық. Кешегі ұлымыздың тойында да ештеңе байқатпай, өнерін көрсетіп, ақ тілегін айтып кетті. Ал арада бірнеше күн өткен соң сұхбаты жарияланды. Мөлдір ішіндегі сырын ашып айтса да, басқа әйелді кемсітіп, ауыр сөз айтпағаны – мен үшін оның тағы бір тектілігінің дәлелі», – деп жазды тележүргізуші.

Гүлназ Әлімгерей олардың қарым-қатынасы жайлы жеке эмоциясын да жасыра алмады.

«Екеуі көз тоятын әдемі жұп еді. Шынында қимаймын. Араларында мейірім, сезім мүлдем жоқ болып қалды дегенге сенбеймін. Бәлкім, әлі де бір-біріне деген жылы ұшқын қалған шығар деген үміттемін…» – деді ол.

Сонымен қатар, тележүргізуші Мөлдір Мұқанованың жаңа фильміне Орал қаласында үлкен сұраныс бар екенін айтып өтті.

«Бүгін Оралдағы “Шай” фильміне билет тапшы. Оңаша отырып ішуге арналған бір шыны шайға да уақыт жоқ. Алла халықтың ықыласынан айырмасын, Мөлдіржан!» – деп жазды Гүлназ Әлімгерей.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.